Әйелдер кітапты не үшін оқиды?

Неміс зерттеушілері ер мен әйелдің кітап оқу сырын анықтап көрді.

Германияда жүргізілген сауалнама көрсеткендей, ерлерге қарағанда, әйел баласы кітапты көбіне эмоциональдық бәсеңдік (разрядка) үшін оқитын болып шыққан. Ал ерлер қауымы кітапты көбіне білім алу мақсатында қолдарына алатын болып отыр. Бірақ зерттеушілер ортасы кітап оқу сырының жынысқа байланыссыз тұстары да бар екенін алға тартуда. 

"Байқаңыз, кітап!" жарнама компаниясы кітапқа деген сұранысты арттыру мақсатында жыл сайын Германия елді мекендерінде сауалнама өткізіп тұрады. Бұл жолғы зерттеуде 14 жастан жоғары 5000-ға жуық оқырман ат салысқан. Нәтижесі көрсеткендей: төрт әйелдің үшіншісі эмоция алу үшін оқып, кітап өздерін өзге бір әлемге алып барады деп сендіреді екен. Ал үш ердің екіншісі кітаптан жаңа ақпар алып, өздерінің білім қорларын көбейтуге ұмтылатындықтарын жеткізген. Бұл пікірді қолдауда әйел баласы да белсенділік танытқан.  

Әйел баласы кітаптан ауыр күрсіністерді жиі көріп тұратын болса, ерлер қауымы бұл жағына қатты алаңдаулы еместіктерін білдірген. Бар мақсат – білім жинау, жаңа ақпар алу. 

Алайда, зерттеуге қатысқан адамдардың 68 пайызы оқу барысында ашу-ызадан арылуға мүмкіндік туатындығын, кітаптың көмегімен көңіл-күйлері жақсарып қалатындықтарын жеткізген. Демек, адамдардың кітап оқуының басты сыры жынысқа еш қатыссыз болғаны ғой.

Сіз қалай ойлайсыз, әйел баласы кітапты не үшін оқиды? Ерлер қауымы ше? 


Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: lifeinbooks.net; mk.ru ; olpictures.ru