- Негізгі бет
- Жаңалық
- Астанада "Абай" эксклюзивті...
Астанада "Абай" эксклюзивті кітабының тұсауы кесілді
Бүгін Астанада тұңғыш және жалғыз "Абай" эксклюзивті кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл шараны Қазақстанның кәсіпкер әйелдері Одағы мен Астананың қазіргі заманғы өнер Мұражайы ұйымдастырған екен. Қонақтарға еліміздегі тұңғыш библиофильді кітабының тиражы ұсынылды.
"Бұл шығарма қазақ философиясының маржаны болып табылады. Осы жоба жұмысы барысында қазақ мәдениетінің ерекшеліктері көптеп ескерілді",-дейді баспагерлер.
Кітаптың мұқабасы таза теріден жасалыпты. Сондай-ақ кітап ұрпақтан ұқпаққа ескірмей, жаңа күйінде жете алады. Ол үшін мамандар Nobel Paper деп аталған ескірмейтін, мақтадан жасалған қағаз қолданған екен. Кітаптың тираж саны 20 дана.
Жалпы библиофильді деп санаулы тиражбен, кітап сүйер қауымға және коллекционерлерге арнайы шығарылған кітапты айтады. Библиофильді кітап - баспа жанрындағы ең күрделісі болып саналады. Себебі оған бірнеше элементтер кіреді. Айта кетер болсақ, баспа, сурет, мұқаба және түптеу жұмыстарының барлығы өзінше бір өнер. Бұл жерде оның көркемдік безендірілуі әдеби негізінен бір сатыға жоғары тұрады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: bnews.kz
Б. Қосмағамбет