Қазақстан студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын болатын көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады.
Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар:
1. Прозалық көркем шығармалар (әңгімелер)
2. Өлеңдер
3. Көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе)
Тақырыптар: Еркін тақырып
Байқауға бір қатысушы бірнеше жұмыс тапсыра алады, бірақ әр қатысушы жұмысының жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс. (Шрифт Times New Roman 14, жол арасы – 1,5, жиегі 2*2*2*2).
Көркем шығармалармен бірге автор туралы мәліметтер міндетті түрде төмендегідей тәртіппен берілуі тиіс:
1. Аты-жөні;
2. Туған жылы, айы, күні;
3. Мекен-жайы, телефоны, электронды поштасы;
4. Оқу орнының атауы (ЖОО, колледж, мектеп).
Шығармаларды орыс не қазақ тілінде жазуға болады. Байқауға қатысу үшін тапсырылатын материалдарды adai75@mail.ru электронды поштасына «Шығармашылық байқау» атауымен жіберуі тиіс.
Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің алдыңғы қатарлы профессорлары мен біліктілігі жоғары оқытушылары қатыстырылады.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2016 жылы 1 қазан-1 желтоқсан аралығында қабылдайды.
Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады. Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын белгілеп отыр. (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма).
Жеңімпаздарға сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы 2016 жылы желтоқсан айының екінші жартысында ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді. Басқа қалалар қатысушыларының шығармалары жүлде иеленген жағдайда стипендиясын банк карточкасы арқылы ала алады. Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының www.nurshaihov.kz жеке сайтында жарияланады.