- Негізгі бет
- Жаңалық
- Анна Ахматова 1966...
Анна Ахматова 1966 жылы Нобель сыйлығына ұсынылған
Нобель сыйлығы кандидаттарының есімі 50 жылға дейін жария етілмейтіні белгілі. Жуырда сыйлықты табыстаушы Швед академиясы 1966 жылы Нобель сыйлығына ұсынылғандардың тізімін көпшілік назарына ұсынды. Олардың қатарында ақын Анна Ахматова да бар болып шықты.
Сол жылғы әдеби жүлдені берлиндік Нелли Закс есімді ақын мен израильдік Шмуэль Агнон есімді жазушы бөліп алған болатын. Ақын сыйды «еврей ұлты тарихын зерттеудегі ерекше лирикалық және драмалық шығармашылығы үшін», ал жазушы «еврейлік сарынға сай айрықша сөз саптау өнері үшін» алды.
Сол жылы Нобель иегері атанудан бір қадам артта қалғандар қатарында Константин Паустовский мен Владимир Набоков та бар екен. Сондай-ақ, Нобельді кейінірек алған Сэмюэль Беккет, Пабло Неруда, Генрих Белль мен Ясунари Кавабата сынды кандидаттар да болған.
2015 жылы белгілі болған деректер бойынша Ахматова аталған сыйға 1965 жылы да ұсынылған.
А. Оралқызы