- Негізгі бет
- Жаңалық
- «Алтын тобылғының» алғашқы...
«Алтын тобылғының» алғашқы лауреаттары анықталды
Бүгін Астанада Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті қоры қазақ əдебиеті саласындағы алғашқы «Алтын тобылғы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады.
«Алтын тобылғы» әдеби туындылар сыйлығы – 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандық авторлар шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға бағытталған жоба. Сыйлыққа өтінім қабылдау 2015 жылдың шілдесінде басталған. Барлығы жиналған 120 әдеби туындылардың ішінен әділ қазылар алқасы 4 ең жақсы туындыны таңдады. Атап айтсақ, «Ең жақсы проза» номинациясында 20 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны Арай Ертарғынова, «Ең жақсы драматургия» номинациясында Əннəс Бағдат, «Ең жақсы балалар əдебиеті» номинациясында Алексей Варзаев «Алтын тобылғы» сыйлығымен және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал белгілі журналист Есболат Айдабосын «Мəңгілік ел» тақырыбындағы туындысы үшін 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйлықты иеленді.
- Біз бұл жобаны мақтан тұтамыз және дәл қазір, оның алғашқы нәтижелерін бағалай отырып, оның қаншалықты уақытылы және қажетті екендігін көрдік. Қазақстан жастары көп таланттарға толы және мен қазір елдің мәдени және әлеуметтік дамуында алғашқы орында жас буын философиясы болуы керек деп сенемін. Біз жас қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін қолдау мен ынталандыруды басты парызымыз ретінде көреміз, - деді Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Сағындық Нұрақанов.
Байқау әділ қазыларына Қазақстанның атақты мәдениет қайраткерлері кірді, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты, ҚР Жазушылар одағы басшысы Нұрлан Оразалин, «Казахстанская правда» республикалық үнпарағы» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков, қазақ ақыны, аудармашы, сценарист Бақытжан Қанапиянов және т.б.
Авторлық туындылар жанрға сәйкестік, ойлау еркіндігі, авторлық позиция, баяндау бірізділігі және мағыналылығы, идея шынайылығы, әдеби-көркем артықшылықтары, қиял және шығармашыл әдіс, эмоционалды және эстетикалық әсер тереңдігі сынды ұстанымдар бойынша бағаланды.
Айта кетейік, «Алтын тобылғы» сыйлығы ұйымдастырушысы және құрылтайшысы – Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры. Бұл қорды 2007 жылдан бері Дариға Назарбаева басқарып келеді. Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге қоғамдық-саяси жобалар аясында жұмыс жасайды.
О. Сансызбай