- Негізгі бет
- Жаңалық
- «Алтын көпір» аудармашылар...
«Алтын көпір» аудармашылар байқауы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігінің, Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтары арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайту; Тіл мәдениетін дамытуға және таратуға, қазақ әдебиетінің дамуын қолдауға және насихаттауға жәрдемдесу; Дарынды аудармашыларды анықтап, оларды ынталандыру.
Байқауға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аударма саласындағы мамандары қатыса алады.
Байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:
- Поэзия- қазақ тілінен орыс тіліне аудару;
- Проза — қазақ тілінен орыс тіліне аудару;
- Поэзия – орыс тілінен қазақ тіліне аудару;
- Проза — орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
Әр аталым бойынша 1 лауреат және 2 дипломант анықталады.
Байқау 2015 жылдың 15 шілдесі мен 15 қазан айлары аралығында бірнеше кезең бойынша өтеді:
1- кезең – жұмыстарды қабылдау (2015жылдың 15 шілде — 20 тамыз аралығы)
2- кезең – байқау комиссиясының жұмысы (2015 жылдың 20 тамыз — 20 қыркүйек аралығы)
3 - кезең – лонг-лист хабарлау (2015 жылғы 1 қазан)
4 - кезең – шорт-лист хабарлау (2015 жылғы 10 қазан)
5 -кезең – жеңімпаздарды марапаттау рәсімі (15 қазан 2015 ж)
Байқауға өтініш қабылдау 2015 жылғы 20 тамыз күні сағат 18.00 ге дейін жүргізіледі (Астана уақытымен).
Байқаудың әрбір аталымдағы жеңімпаздары дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады: (1- орын — 200 000 теңгеден; 2- орын — 150 000 теңгеден; 3 орын — 120 000 теңгеден және ынталандыру сыйлығы 100 000 теңгеден) .
Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 2015 жылдың 15 қазан айында өтеді.
Байқау ережесімен толығырақ www.altynkopir.kz сайтынан таныса аласыздар. Барлық сұрақтар бойынша info@altynkopir.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.
Н. Айдархан