«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің қысқа тізіміне Қазақстанның әр өңірінен қатысып отырған авторлардың орыс және қазақ тілдерінде жазылған 30 шығармасы 6 аталым бойынша енгізілді.
Бұл жұмыстардың барлығы 2016 жылы шілденің 1-нен бастап қазан айының 15-не дейін қабылданып, оқырмандар қазан айының 31 дейін дауыс берді. Барлық шығарма akalam.kz сайтына орналастырылды. Биыл әдеби жүлдеге 446 автор әр түрлі жанрда жазылған 863 шығармасын жолдады. Қазылар келіп түскен барлық жұмыспен танысып шықты. Ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамына Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Кенже Жұманұлы, Арман Шораев, Расул Жұмалы, Әйгерім Райымқұлова, Татьяна Филипчик және басқалар енді.
Биыл «Алтын қалам» әдеби жүлдесі 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Байқаудың алғашқы мерейтойының құрметіне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жылдың үздік романы» аталымы бойынша арнайы бәйге жарияланды. Жеңімпазға 1000000 (1 млн) теңге тағайындалған. Сонымен қатар үздік шығарма жеке кітап болып басылып шығады.
Сондай-ақ биыл байқауға қазақстандық авторлардан бөлек АҚШ, Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Израиль азаматтары да қатысты.
Жоба серіктестері: Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы, Кеңес Рақышев басқаратын QAZKOM, Қазақстан баспасөз клубы және Қазақ радиосы.
«Алтын қалам 2016» әдеби жүлдесі жеңімпаздарын марапаттау шарасы Алматыда, 23 қарашада, сағат 19-да Ыықлас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайында өтеді. Мекен жайы: Зенков көшесі, 24А.
«АЛТЫН ҚАЛАМ 2016» ӘДЕБИ ЖҮЛДЕСІНІҢ ҚЫСҚА ТІЗІМІ
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ»
1. Алматының картинасы
2. Боздағым
3. Алло...
4. Адалдықтың азабы
5. Жұмекен
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ»
1. Анамның иісі
2. Тезекбай
3. Жұтзапыран
4. Емексіткен өмір-ай
5. Өмір мен нөмір
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНО СЦЕНАРИІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ»
1. Қаламгер
2. Қызғаныш
3. Кие (киносценарий)
4. Цирктен қашқан қасқыр
5. Көзіңізге қараңыз
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ»
1. Қанатты барыс...
2. Мойындау
3. 101 жұмбақ
4. Ерке қыз бен мысықтың бастан кешкен қызықты оқиғасы...
5. Қарақшының пейілі және алтын баулы кілт
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ»
1. Тілі үш тұғырлы ауыл
2. Жириновскийге жауап
3. Хан жарлығынан зәр жарлығы күшті ме?!
4. Асқазаныңыз ауырмай ма?
5. Кіндік туралы жыр
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКА НЕМЕСЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ»
1. Зауқайыр
2. Жоғалған адам
3. Армандар орындалады
4. Құпия жәшік тұтқыны
5. Сүлеймен қарақшы
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК РОМАНЫ»
1. Едіге
2. Күреңбел қасіреті
3. Мен-жындымын
4. Сырым Батыр
5. Ұяластар
«ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА»
1. Странник
2. Оранжевое на сером
3. Кино моего города
4. Я хочу, чтобы были дети счастливы
5. Язык великой степи
«ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА»
1. Точка возврата
2. Упавший поднимется сам
3. Транзит Сайгон-Алматы
4. Барымтач
5. Последний хан Золотой Орды
«ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА»
1. Путешествия Хасана купца...
2. Невозможное (Impossible)
3. Следопыт
4. Кот и солнечный зайчик
5. Алька и Бухтик
«ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА»
1. Тараканы в голове
2. Объяснительная зюзя
3. Россия 2050
4. Смех сквозь слезы
5. Сны сбываются
«ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВЫ ГОДА»
1. Прозрачный родник...
2. Багдадский гамбит
3. Сола
4. Координатор
5. За холмом
«ЛУЧШИЙ КИНО СЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА»
1. Снегопад
2. Дом
3. Жди меня
4. Шакарим в сердце моем
5. Секрет Гейши