Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Алтын қалам" байқауы биыл да жылдың ең үздік қаламгерлерін анықтайды. Қатысам десеңіз, әлі уақыт бар екенін еске саламыз. Байқаудың жалпы ережесі мен шарттарымен таныс болыңыздар!
Жалпы ереже:
«АЛТЫН ҚАЛАМ» тәуелсіз әдеби жүлдесі (әрі қарай - конкурс) 2017 жылы мынадай мақсатпен өткізіледі:
1. Жас және қазақстандық қаламгерлерді дәріптеу;
2. Қазақ қаламгерлерінің қатысуымен әдеби кештер және мастер-класстар өткізу;
3. Бүгінгі Қазақстан әдебиетінің базасын қалыптастыру және оларды жариялау.
Жеңімпаздарды анықтау мен марапаттау тәртібі:
Барлық жұмыс www.akalam.kz сайтына орналастырылады.
Дауыс беру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде үздік шығармаларды сайт оқырмандары дауыс беру арқылы анықтайды. Олар лайықты әдеби шығармаға 2017 жылғы қыркүйек айының 30-sна дейін дауыс береді. Мұнан кейін, сайтта ең көп дауыс жинаған жұмыстар әрі қарай жеңімпазды анықтау үшін қазыларға табыс етіледі.
Конкурстың Қазылар құрамына ұйымдастырушылардың өкілдері және меценаттар кіреді. Қазылар әр аталым бойынша жеңімпазды жасырын дауыс беру арқылы жүлдеден үміткерлердің соңғы тізімінен таңдайды. www.akalam.kz сайтындағы дауыс беру қорытындысы мен Қазылар мүшелері жайлы ақпарат Конкурс қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсіміне дейін жарияланбайды. Қазылар Конкурс қатысушыларымен хат алыспайды. Қазылар шешімі өзгертілмейді.
Ұйымдастыру комитеті жоба серіктерімен, жекелеген кәсіпорындармен келісе отырып Конкурстың арнайы сыйлығын тағайындауы мүмкін. Қазылар кез келген аталым бойынша жеңімпазға немесе дипломантқа атақ беруден бас тартуға құқылы. Конкурс жеңімпаздарына дипломдар 2017 жылдың күзінде өтетін Конкурс қатысушыларын марапаттау рәсімінде табыс етіледі. Марапатату шарасы өтетін орынға барып-қайту шығынын Конкурс қатысушысы өзі көтереді.
Жүлде қатысушылары:
Конкурсқа кез келген адам, танымалдығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына қарамастан қатыса алады. Конкурсқа ортамызда жүрген, көзі тірі авторлардың шығармалары ғана қабылданады.
Конкурсқа шығармаларды автордың өзі ғана жолдай алады/соавтор, автордың (құжаттағы) аты-жөні көрсетілмеген шығармалар, үшінші бір адам арқылы жіберілген жұмыстар қаралмайды. Шығармалар қазақ немесе орыс тілдерінде жазылуы тиіс.
Қатысушылар бір мезгілде Конкурстың бірнеше номинациясына жұмыстарын ұсына алады. Әрбір қатысушы Конкурстың бір жанрына 3 шығармаға дейін жолдай алады. Конкурстың 2017 жылы жарияланған аталымдарына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.
Конкурсқа алдыңғы жылдары ұсынылған жұмыстар екінші рет қабылданбайды және қаралмайды. Сонымен қатар, Конкурсқа факспен, қолдан жазып жіберілген шығармалар қабылданбайды және қаралмайды. Қазылар және ұйымдастыру комитетінің мүшелері Конкурсқа үміткер ретінде қатыспайды.
Қатысушылар туындыларын конкурстың akalam.kz сайтына кіріп, өздері жөнелте алады немесе ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmail.com электрондық мекенжайына жолдауы керек. Келесі мәліметтер толық көрсетіліп толтырылуы тиіс:
1. Тегі, есімі, әкесінің аты (құжат бойынша), жасы, мекен-жайы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, сондай-ақ қосымша кез келген ақпарат (бұл мәліметтермен тек ұйымдастыру комитеті танысады);
2. Байланыс телефоны, e-mail (бұл мәліметтермен тек ұйымдастыру комитеті танысады);
3. Шығармалар электрондық түрде (файл форматы - Microsoft Word немесе RTF, шрифт Times New Roman немесе Arial Cyrillic, шрифт мөлшері 12, жолдар арасындағы интервал 1,5);
4. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер толықтырылған хаттың электрондық поштамен ұйымдастыру комитетіне жіберілуі Сіздің Конкурс ережесімен келіскеніңізді, сонымен қатар жолданған шығармаларды әрі қарай ұйымдастыру коимитетінің пайдалануына автоматты түрде рұқсат бергеніңізді білдіреді (төменде көрсетілген «Шығармаларды пайдалану» бөлімін қараңыз).
Назар аударыңыз! Қатысушылар үшін конкурс анонимді түрде жүргізіледі. Конкурсты өткізу және қорытынды шығару кезінде қатысушылардың тіркелу мәліметтерін ұйымдастыру комитеті мен сайт администраторы ғана қарай алады. Егер Конкурс қатысушысы сайт жұмысына ат салысуға ниет білдірмесе және біздің авторымыз болғысы келмесе, тіркелу мәліметтері сол күйі жарияланбайды. Мұндай жағдайда деректер редакцияланып, байланыс телефоны мен мекен-жайы көрсетілмеуі мүмкін.
Конкурсқа жұмыстар түрлі аталымдар бойынша 2017 жылғы ақпан айының 17-і күні мен 2017 жылғы қыркүйек айының 15-і күні аралығында қабылданады.