«Алтын қалам 2017»: Жыл үздігі болу кімдерге бұйырды?

«Алтын қалам 2017»: Жыл үздігі болу кімдерге бұйырды?
Фото: Ернар Алмабек

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған «Алтын қалам 2017» ұлттық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды.

Осы жылы ұйымдастырылған «Алтын қалам» байқауына 590 автордан 1076 жұмыс келіп түсті. Соның ішінде, тек еліміздің ғана емес, Ресей, АҚШ, Белоруссия, Германия, Украина сынды елдердің таланттары да  бақ сынады. Байқаудың басты ерекшелігі жеңімпаздарды анықтауда тек әділ қазының берген даусы ғана емес, оқырмандардың да пікірі басты назарға алынады. Онлайн дауыс беру 1 қазанға дейін жалғасқан.

«2017 жыл біздің байқау үшін маңызды жыл болды. Біріншіден, ұйымдастырушылар алқасы  «Алаш орданың» 100 жылдығына орай арнайы номинация тағайындады. Сонымен қатар, «Жылдың ең үздік сатирасы» енді Есенжай Домбайдың атын алды. Екіншіден, «Үздік балалар әдебиеті» номинациясы «Дарабоз» балалар жазушысы байқауымен бірлесе жұмыс істеді. Бұл өзгерістер тек қатысушылардың санын арттырып қана қоймай, олардың сапасына да оң әсерін тигізді»,– дейді «Алтын қалам» ұйымдастырушылар алқасының мүшесі Кенже Жұманұлы.

Ұйымдастырушылар комитеті мен әділ-қазылар қатарында Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шураев, Расул Жұмалы, Нұржан Мұхамеджанова, Қуат Домбай, Айгерім Райымқұлова, Татьяна Филипчик, Кенже Жұманұлы сынды белсенділер болды.

ыыв

Арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар есімін назарларыңызға ұсынамыз:
«Жылдың үздік поэзисы» – Нұржан Нұрбек
«Жылдың үздік прозасы» – Қарғабай Мақсат 
«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «Дарабоз» – Әлжантегі Төкен 
«Жылдың үздік кино сценарийі және драматургиясы» – Айдаров Жомарт 
«Жылдың үздік сатирасы» – Ералхан Жылқайдарұлы 
«Алаш ордаға 100 жыл» – Әлпейісов Әміржан 
«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» –  Бекболатов Оралбек 
«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» – Шерхан Мұртаза 


 Орыс тіліндегі шығараларды жеке сарапталып, олардың да өз оқырмандары қажетті мөлшерде дауыс берді.

«Лучшая поэзия года» – Абильдин Дастан 
«Лучшая проза года» – Кенесова Гаухар 
«Лучшая деткая и подростковая литература года “Дарабоз» – Муфтахутдинова Диляра
«Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» – Суслова Александра 
«Лучшая фантастика и детективы года» – Воронкова Ольга 
«Лучший кино сценарий и драматургия года – Санжар Нурлан және Рамазанова Бану 
«Лучший зарубежный автор года» – Шаблинский Владимир  (Беларусь)
«100-летие Алаш орды» – Муфтахутдинова Диляра

Т. Есқали