23 қараша күні Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайында «Алтын қалам-2016» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жүлденің қысқа тізіміне Қазақстанның әр өңірінен қатысқан авторлардың орыс және қазақ тілдерінде жазылған 30 шығармасы 6 аталым бойынша енгізілді.
Жұмыстар 2016 жылы шілденің 1-нен бастап қазан айының 15-не дейін қабылданып, оқырмандар қазан айының 31 дейін дауыс берді. Барлық шығарма akalam.kz сайтына орналастырылды. Биыл әдеби жүлдеге 446 автор әр түрлі жанрда жазылған 863 шығармасын ұсынды. Ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамына Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Кенже Жұманұлы, Айдос Сарым, Арман Шораев, Расул Жұмалы, Әйгерім Райымқұлова, Татьяна Филипчик және басқалар енді.
Қазылар шешімімен анықталған жеңімпаздар:
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ»
Айманбетов Дәурен - (шығармасы - "Алло..." ). Шымкент қаласы
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ»
Әбузарова Жанел - (шығармасы - "Тезекбай"). Алматы қаласы
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНО СЦЕНАРИІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ»
Қами Нұрлан - (шығармасы - "Қаламгер"). Алматы қаласы
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ»
Сүттібай Орынбасар - (шығармасы - "Қанатты барыс, көк бөрі және Бабыр батыр"). Оңтүстік Қазақстан облысы
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ»
Байбосын Сайлау - (шығармасы - "Асқазаныңыз ауырмай ма?"). Екібастұз
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКА НЕМЕСЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ»
Нұрмаханбет Ділдәгүл - (шығармасы - "Құпия жәшік тұтқыны"). Алматы қаласы
Орыс тілінде жазылған шығармалар бойынша:
«ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА»
Наталья Слудская - (шығармасы - "Оранжевое на сером"). Алматы қаласы
«ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА»
Жанайдаров Орынбай - (шығармасы - "Последний хан Золотой Орды"). Көкшетау қаласы
«ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА»
Бауржанова Гульнур - (шығармасы - "Невозможное". Автору 14 лет). Павлодар
«ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА»
Денисова Наталья - (шығармасы - "Тараканы в голове"). Қызылорда қаласы
«ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВЫ ГОДА»
Лазарева Людмила - (шығармасы - "Координатор"). Алматы қаласы
«ЛУЧШИЙ КИНО СЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА»
Рахимбаева Мадина - (шығармасы - Снегопад)
Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» арнайы сыйлығымен «Бабалар сөзі» жүз томдығын шығарған М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты марапатталды.
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың үздік романына алғаш рет арнайы бәйге жарияланды. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК РОМАНЫ» аталымы бойынша «Мен жындымын» шығармасымен жеңімпаз атанған СӘУКЕТАЕВ ТҰРЫСБЕК меценат Кеңес Рақышев тағайындаған 1 000 000 теңгеге ие болды. Сонымен қатар, QAZKOM банкінің қаржылай қолдауымен байқаудың таңдаулы шығармалары 2017 жылы жарық көретін «Алтын қалам 2016» әдеби жүлдесінің жинағына енеді.
Сондай-ақ биыл байқауға қазақстандық авторлардан бөлек АҚШ, Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Израиль азаматтары да қатысты.