Жапониядағы феодал отбасыдағы ескі сандықтан құнды жәдігер табылды. Ондағы қолжазба әлемдегі ең көне роман саналатын "Гэндзи жайлы ертегінің" бесінші бөлімі болып шықты, - деп жазады The Guardian.
"Гэндзи жайлы ертегі" ХІ ғасыр басындағы Хэйан дәуірінде жазылған. Онда император баласының тағдыры баяндалады. Кітапты жазған Мурасаки Сикибу есімді ханым болуы мүмкін. Түпнұсқасы сақталмаған. Ең танымал нұсқасын Тэйк есімді ақын жазып қалдырған. Деректер бойынша ол 1241 жылы көз жұмған.
Осыған дейін төрт бөлімі (барлығы 54 бөлім) бар болатын. Жаңа табылғаны бесінші бөлімі екені дәлелденіп отыр. Мұнда Гэндзи мен Мурасаки есімді қыз кездесіп, отбасын құруы айтылады.
- Зерттеушілер үшін Тэйкидің өзі жазған қолжазба табылып отыр. Нағыз құнды дүние. Мәтінді ары қарай терең зерттеуге тағы бір жол ашылды, - дейді Киото университетінің профессоры Джанко Ямамото.
Оның айтуы бойынша, романның жаңадан табылған бөлімі осыған дейінгі бөлімдерінен ертерек жазылған.