Әлемдегі ең беделді әдеби сыйлықтар #1

Әлемдегі ең беделді әдеби сыйлықтар #1

Әлемдік әдебиеттің даму үрдісі мен белгілі бір ұлттық, белгілі бір мемлекет пен өңірдің әдебиеті осы аталған әдеби сыйлықтармен тікелей қатысты екені белгілі.

Халықаралық Дублин әдеби сыйлығы (International IMPAC Dublin Literary Award) - əлемдегі беделі зор халықаралық əдеби сыйлықтардың бірі болып саналады. 1996 жылы Дублин қалалық кеңесі мен американдық инвестициялық қордың қолдауымен құрылды. Жыл сайын ағылшын тілінде жарық көрген прозалық шығармаларға беріледі. Сыйлықтың көлемі – 100 000 евро. Бұл сыйлықты ұлтына қарамастан кез келген халықтың өкілі ала алады. Жалғыз шарты – үміткердің туындысы міндетті түрде ағылшын тілінде болуы тиіс. Үміткерлердің шығармаларын Дублин сыйлығына оқырмандардың арасында сауалнама жүргізу арқылы қоғамдық кітапханалар ұсынады. Халықаралық сарапшылардан тұратын әділқазы мүшелері жалпы тізімнің ішінен іріктеп, бірнеше үміткердің шығармасын таңдайды.

Букер сыйлығы (Man Booker Prize) – ағылшын əдебиетіндегі беделі зор сыйлық. Ұлттық бірлестіктегі елде немесе Ирландия мен Зимбабве де тұратын жазушы ағылшын тілінде жазылған үздік романы үшін марапатталады. Жеңімпазға 50 000 фунт стерлинг табыс етіледі. 2002 жылға дейін сыйлықтың көлемі 21 000 фунт стерлинг болып келген. 2002 жылдан бастап сыйлықты беруге Man компаниясы демеушілік ете бастады. Сондықтан оның қазіргі толық атауы – The Man Booker Prize. Букер сыйлығының төрт иегері – Уильям Голдинг, Надин Гордимер, В.С. Найпол, Дж. М. Кутзее. Кутзее  – кейіннен Нобель сыйлығына ие болды. 1999 жылы Дж. М. Кутзее бұл сыйлықты екінші рет алды.

Халықаралық Букер сыйлығы (Man Booker International Prize) - 2005 жылы тағайындалып, екі жылда бір рет беріліп тұрады. Бұл сыйлықты шығармасы ағылшын тіліне аударылған кез келген халықтың ойы озық жазушысының алуға мүмкіндігі бар. Көлемі – 60 000 фунт стерлинг (шамамен – 118 000 доллар).

Гете сыйлығы (Goethe Prize) - немістің, кейінгі жылдары халықаралық əдеби сыйлық. 1927 жылдан бастап Гетенің туған күніне орай 28 тамызда əлемдегі танымал тұлғалар, оның ішінде жазушылар да марапатталады. 1949 жылға дейін жыл сайын, содан кейін үш жылда бір рет берілетін болды. Сыйлықтың көлемі – 50 000 евро.

(Жалғасы бар)

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Өңделген

M. Auelkhan