- Негізгі бет
- Жаңалық
- Ақын, прозашы һәм...
Ақын, прозашы һәм әдеби сыншы Ардақ Нұрғазыұлымен шығармашылық кездесу өтті
27 қараша күні сағат 17:00 «Дом Q» театрында «Полифония» фестивалінің шығармашылық кездесулері аясында және «Отандасыңды оқы» жобасының шеңберінде ақын, прозашы һәм әдеби сыншы Ардақ Нұрғазыұлымен шығармашылық кездесу өтті.
Ардақ Нұрғазыұлы – ақын, прозашы, сыншы. 1972 жылы Қытайда дүниеге келген. 1995 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған. 1991 жылдан бастап шығармалары жарық көріп келеді. 2006-2008 жылдары «Шетел әдебиеті» газетінің бас редакторы болған. «Жалған бостандық кітабы» (2009 ж.), «Арақұс» (2012 ж. қазақ-қытай тілінде), «Дәлдік һәм тұнықтық» (2014 ж. ағылшын-қытай-қазақ тілінде), «Тас баспалдақты көше» (2014 ж.), «A Garden of Trees and Other Poems» (2016 ж.) өлең жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» (2010 ж.) сын еңбегінің, «Сызықтар мен нүктелер» (2010 ж.) әңгіме жинағының авторы. Өлеңдері ағылшын, қытай және орыс тілінде жарық көрген.
Кездесуде Ардақ Нұрғазыұлы барша жыр сүйер қауым назарына “Күңгірт от” атты Қытайдағы қазақтардың қазіргі заманғы таңдаулы поэзиясын ұсынды.
Шығармашылық кеште Ардақ Нұрғазыұлы өзінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өлеңдері, поэмалары мен прозалық шығармаларын оқыды. Өзіндік ерекшелікке ие шығармалар туралы оқырман көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
А. Оралқызы