Ақсу қаласында Сәбит Дөнентаевқа ескерткіш қойылды

Ақсу қаласында Сәбит Дөнентаевқа ескерткіш қойылды

Ақсу қаласында қазақтың ұлы ақыны, журналист, сатирик, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаевқа ескерткіш қойылды. Және қалалық мәдениет үйі мен орталық алаңға есімі берілді. Үлкен кештің шымылдығын ашқан Павлодар қаласының әкімі Ерлан Арын болды.

Халық мұрасына өлшеусіз үлес қосқан ақынға қойылған ескерткішті атақты сәулетшілердің бірі Тоқтар Ермеков жасаған. Қоладан тұрғызылған қоғам қайраткерінің асқақ мүсіні қала халқын үлкен армандарға шақырып тұрғандай әсер қалдырады. 

Сонымен қатар әйгілі сатириктің құрметіне орай "Халықшыл ақын ел жүрегінде" атты көрме ұйымдастырылды. Одан кейінгі кезекте керекулік ағайындарды Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалық драма театрының ұйымдастыруындағы автордың "Көркемтай әңгімесінің желісі бойынша жазылған пьесасы күтіп тұрды. 

Айта кететін болсақ, Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Ақсу елді-мекенінде кедей шаруа отбасында туылған. Әкесі Дөнентайдың арқасында сауат ашып, хат таниды. Кейіндеу Құлатай ауылында жүріп бірінші рет орысша үйреніп, алғашқы өлеңдерін жаза бастайды. 

сурет:wiki.aksu.pavlodar.gov.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига