Нью-Йоркте қоғамдық кітапханада қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды. Орталықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, сонымен қатар тарихи, ғылыми және көркем әдебиет қойылған. Мұнда барлығы кітапханада 200-ге жуық кітап бар. Бұл тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстарын кітап арқылы жеткізу үшін тамаша мүмкіндік, деп жазған ұлттық академиялық кітапхананың құжаттарды өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрбала Текесбаева. Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі бойынша тек Конгресс кітапханасы мен Британдық кітапханаға ғана жол береді. www.baribar.kz