- Негізгі бет
- Жаңалық
- "Африкадағы туыстарыма мақтанып...
"Африкадағы туыстарыма мақтанып жүрмін". Сомалилік жігіт қазақ тілін қалай үйренді?
Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлейтін шетелдік екі жігіттің видеосы тарады. Массагет тілшісі жігіттермен сөйлесіп, қазақ тілін қанша уақытта үйренгенін, Қазақстанға келгенде қандай қызық оқиғалар болғанын сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
@lilabeke #answer to @asem__di ♬ original sound - Golweyne
Видеодағы жігіттің есімі - Абдулла Хұсайын Мұхаммед. Оның жасы 25-те. Ол қазір Шымкентте тұрады. Қазақстанға Сомалиден келгеніне бес жарым жыл болған, ұлты - сомали. Оның Instagram-парақшасында 40 мыңнан аса оқырманы бар. Ал TikTok желісінде оған тіркелген оқырмандар саны 35 мыңнан асады.
Желідегі видеоларының бірінде "қазақ тілін неге үйренгіңіз келді?" деген оқырманына жауап беріп, мұндай сұрақ ұят екенін айтқан.
"Достар, кішкене болсын ұялмайсыңдар ма? "Неге қазақша үйренгіңіз келді?" деген қандай сұрақ өзі? Мен Африкадағы туысқандарыма мақтанып жүрмін. "Қазақтар 19 миллион, бәрі ақылды, бәрі магистратура, докторантура бітірген, бәрі күшті, мықты" деп жүрмін. Масқара ғой бұл сұрақ. Кішкене ұялсайшы. Құрсын, ұят болады", - дейді ол видеода.
Өзінің айтуынша, Шымкенттегі тойларда әнші болып шығады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол Сүлеймен Демирел атындағы университетті 2021 жылы "Бағдарламашы" мамандығы бойынша бітірген. Дегенмен қазір бағдарламашы болып қызмет етпейді, қосымша жұмыс ретінде ағылшын тілін үйретеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның айтуынша, қазақ тілін 1 жыл 8 айда үйренген. Сондай-ақ, Абдулла тіл үйрену кезіндегі қызықтарды бөлісті.
"Бірқатар сөзді үйренгенде қызық болды. Мысалы, ұшақ сөзінің орысша аудармасы - "самолет". Сомали мен самолет айтылған кезде ұқсас болған соң, "менің сол жақтан келгенімді қайдан біледі" деп таңғалдым", - дейді ол.
Студент кезінде де қызықтар болыпты.
"Жатақханада жігіттер "сковородка алып кел" дейтін еді, ал сомали тілінде "сковорн" сөзі "қалай жағдай?" дегенді білдіреді. Сөйтіп, "сомали тілін қайдан білесіңдер?" дейтін едім. Кейін түсіндім. Ол тамақ дайындайтын ыдыс екен", - деді ол.
Сонымен қатар, өзінің айтуынша, "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" деген сөз қызық болыпты.
Желі қолданушылары оның видеоларына жағымды пікірлер жазған:
Бауырым, шап!
Жарайсың!
Қазақша керемет сөйлейді екен.
Бәрекелді!
Таза сөйлеп тұрғаның керемет!
Керемет жігіт, қазақша таза сөйлеп тұр.
С. Сатыбалдина