- Негізгі бет
- Жаңалық
- Әдебиет саласы бойынша...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы Светлана Алексиевичке бұйырды
Бүгін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болады. Ол — Германияда тұратын белорус жазушысы Светлана Алексиевич.
Ол аталған сыйлықты «бүгінгі ғасырдың қасіреттері мен ауыртпалықтары шығармаларында көркемдікпен үндестік тапқаны үшін» иеленді.
Белорусиялық жазушы, Ивано-Франковск округінің тумасы Светлананың Нобель сыйлығын алу мүмкіндігі аз емес екені осыған дейін айтылған болатын. Оған британдық Ladbrokes және ирландық PaddyPower букмекерлік орталығы үлкен сенім артқан болатын. Өзінің «homo soveticus» тақырыбындағы, яғни советтік ескі идеялар һәм түсініктермен шектелген адамдар хақындағы шығармалары мәртебелі сарапшылардың көзіне осымен 3-ші мәрте ілігіп, ақыры лайықты бағасын алды. Светлананы танымдық бағалау мәнерінде жазылатын «деректі жанрдың хас шебері» дейтіндер бар. Сол жанрды көркемдік деңгейде бір саты жоғары көтерген.
Оның «У войны не женское лицо», «Цинковые мальчики», «Зачарованные смертью», «Последние свидетели», «Чернобыльская молитва» атты кітаптары — шын мәнінде өзгеше дүниелер. Өткен жылы Алексиевич өзінің «Голоса Утопии» циклінің «Время секонд-хенд» аталатын соңғы кітабын шығарды.
Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайларды ескеретін болсақ, постсоветтік аймақтан шыққан жазушының осы бір сыйлықты алуында үлкен мән жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Светлананың әкесі — белорус, ал анасы — украин ұлтынан.
Дереккөз: Ult.kz
Е. Жұмабайұлы