Әдебиет саласы бойынша 2014 жылғы «Нобель» сыйлығын француз жазушысы Патрик Модиано иеленді.
Бұл шешімді жаңа ғана Швед академиясының «Нобель» сыйлығы жөніндегі жауапты хатшы Петер Энглунд мәлімдеді.
Нобель сыйлығы француз жазушысына «басқыншылық кезінде өмір сүрген адамдарның ақылға сыймас тағдырларын баяндайтын мәңгілік естелігі үшін» табыс етілді. Модианоның шығармалары Францияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басқыншылық тақырыбымен байланысты.
Патрику Модиано қазір 69 жаста. Оның әкесі – Италиядан шыққан еврей, анасы – бельгиялық актриса. Модианоның әке-шешесі ұлттық басқыншылық кезінде Парижде жолыққан. Болашақ жазушы Екінші дүниежүзілік соғыстан өткеннен кейін, 1945 жылы Парижде дүниеге келген.
Жазушы 2012 жылы Еуропа әдебиеті бойынша Австарлияның Мемлекеттік сылығының лауреаты атанған. Модианоның орыс тіліне аударылған «Утраченный мир», «Дора Брюдер», «Кафе утраченной молодости», «Горизонт» және «Маленькое чудо» сынды туындылары бар.
Марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 қазан күні Стокгольмде, Нобель сыйлығының негізін қалаушы ғалымның қайтыс болған күні өтеді. Швед академиясын 1786 жылы король Густав ІІІ француз үлгісінде швед тілі мен әдебиетін дамыту мақсатында ашқан. Комиссия құрамында 18 мүше бар, олар академияның тұрақты өкілдерінің дауыс беруі бойынша сайланады.
Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық жазушы Элис Манроға берілген болатын.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: nbcnews.com