Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлығына қол қойды, – деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы «Тар кезең» тарихи романы үшін жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлына; «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін ақын Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға; «Песня - душа моя» жеке концерті үшін әнші Пантелей Константинович Кесоглуге; «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін композитор Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке; сондай-ақ, мына авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін берілді.
Сурет: өңделген