Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов 22 қазанда 95 жасқа толғанын жазған едік. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушыға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы Жарлығын назарларыңызға ұсынамыз.
Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 қазан