Астана қаласында XIX "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалі басталды. Дарынды жастар бақ сынайтын фестивалдің шымылдығы жылдағы дәстүр бойынша бас қаладағы Конгресс-Холл сарайында ашылды. Алғашқы болып сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мырза жарысқа қатысушыларға ақ тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.
Бұл фестиваль 19-шы рет еліміздің түкпір-түкпіріндегі өнерлі деген жастардың басын қосты. Фестивальдің деңгейі жыл сайын жоғарылау үстінде. Мұны байқауға қатысуға ниет білдірген қатысушылар санынан байқауға болады. Биылғы "Шабытқа" қатысатын үміткерлердің саны 600-ден асып жығылады.
Байқау 6 аталым бойынша – "Бейнелеу өнері", "Хореография", "Классикалық музыка", "Эстрадалық вокал", "Халық музыкасы", "Үздік әдеби шығарма" өтеді.
Ашылу салтанатыбарысында елімізге белгілі өнерпаздарөз өнерлерін көрсетті. Шабыттың биылғы ерекшелігі – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстарға көбірек басымдылық берілуінде екен. Алдағы 5 күн бойы қатысушы үміткерлер өзара мықтыны анықтайтын болады.