Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстанның Еңбек Ері атанды

Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов 22 қазанда 95 жасқа толғанын жазған едік. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушыға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы Жарлығын назарларыңызға ұсынамыз.

Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 қазан