***
Туған күн - Жігіттер
Үнімен оның шыр еткен,
Ашылды да, арайланып әлем есігі.
Сезімдей туған жүректен,
Тербетілді алтын айдар ұлдың бесігі.
Қазақпыз ұлын батыр дер,
Сүйіншісін жас сәбиге арнап жатыр ел.
Қабыл боп елдің батасы
«Батыр бол» деп атын қойды оның атасы.
Қайырмасы:
Бүгін сенің түған күнің балапаным, дәулетім,
Өмір гүлім сені бүгін құттықтайды әулетің.
Азамат бол асқақтатар азат елдің сәулетін,
Намысты бол, табысты бол, жеңістің шаш сәулесін.
Байлығы күннің шуағы,
Менің емес елімнің де болшы ұланы.
Жеңістің шырқа жыр әнін
Көк байрақтың қалықтасын көкке қыраны.
Арманды жалғаған ұлым,
Әрқашан да Қызыр баба болсын жолдасың.
Аппағым, айналайыным
Періштелер жебеп сені тәңір қолдасын.
***
Қарағым-ай
с. Ш.Сариев
ә. К.Дүйсекеев
Сұлулық осындай болады екен,
Бір басқа армансыз қонады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен
Шынымен бұл дүние шолақ екен.
Қарағым-ай
Еліктер осылай жосады екен,
Жолыңнан сені кім тосады екен.
Бұл коңіл неліктен босады екен
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен.
Қарағым-ай
Қиылып үзіліп қарадың ай,
Қараған қандай сұлу жанарың ай
Қарағым-ай.
Бұл өмір осылай өтеді екен,
Сүймесең дүние бекер екен
Парақтап жинасаң бар ғұмырың
Бір сүйген күніңе-ай жете ме екен.
Қарағым-ай
Қиылып үзіліп қарадың-ай
Қараған қандай сұлу жанарыңа-ай
Қарағым-ай
Қиылып үзіліп қарадың-ай
Қараған қандай сұлу жанарың-ай
***
Не жаздым мен, жаным, саған
с.,ә. Ө.Алтаев
Өткен күндер қайта келмейді,
Өкінген еш пайда бермейді,
Бақытты бол басқа жанмен қайтейін.
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Басқа жанның құшағында,
Еркелейсің, күлімдейсің,
Маған деген махаббатың солған ба?
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Шын сүйгендер қосылмайды,
Қосылғанмен бір болмайды,
Тағдыр неге қатал болған, о тоба!
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Не жаздым мен, жаным, саған,
Қарамастан кеттің маған.
Айлы түннің шуағына шомылып.
Айлы түннің шуағына шомылып
***
Сәулем-ай
Халық әні
Аяғыма кигенім, былғары етік, сәулем-ай,
Табанымнан барады, ызғар өтіп, сәулем-ай.
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай,
Жаман болсаң қаларсың суға кетіп, сәулем-ай.
Сәулем, сәулем, сәулемсің,
Басымдағы дәуренсің,
Жақсы болсаң сәулемсің,
Жаман болсаң әуремсің.
Ағынан да алманың көгі жақсы сәулем-ай
Барынан да жаманның, жоғы жақсы, сәулем-ай
Бір сөз айтсаң жаманға, теріс қарар сәулем-ай,
Қорғасындай балқыған қайран жақсым, сәулем-ай
Сен де сері сәулем-ай, мен де сері, сәулем-ай,
Шын сүймесең көңіліңді бермес едің, сәулем-ай.
Томағасын алдырған лашындаймын, сәулем-ай,
Сен болмасаң бұл жерге, келмес едім сәулем-ай.
Сурет voxpopuli.kz сайтынан алынған
Жалғасы