Жаңажылдық құттықтау sms-тері

Достық құттықтаулар:

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана,  бақытты! Жаңа жылыңмен!

***

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

****

Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

***

Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің касыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

***

Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

***

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты  қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

***

Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Айдаһар жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

***

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің,

Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің,

Шынарына өрле биік бақыттың,

Осы менің саған айтар тілегім!

***

Құшағында тәтті үміттің

Өтсін алтын күндерің,

Жаңа жылда жақсылықтың,

Шамшырағын үрлегін!


Сүйіктілерге:

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

***

Өзің де бір ардақты жан екенсің,

Армандарың алып шыңға көтерсін!

Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,

Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

****

Бақытың лағыл тастай  төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан  бір сәтке кетпесін!

***

Аман болсын отбасың,

Жамандықтан сақтасын.

Жаңа жылдың түнінде,

Бақыт ашсын қақпасын!

***

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, Жаным!

***

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

***

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 2012 жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

***

Әзіл смс-тер:

Аяз Атаның хайуанаттар бағынан үш маймылы қашып кеткенге ұқсайды: біреуін қазір ғана жаңа жылдық шыршаның астынан тауып алыпты, екіншісі табылмай жатыр, үшінші маймыл осы СМС-ті оқып күліп отыр екен!

***

Дәрігерлердің пайымдауынша, 5 рөмке шарап, Жаңа Жылды ойдағыдай қарсы алуға кедергі келтіреді. Шарапсыз, ойдағыдай қарсы ал! Құтты болсын, бауырым!

***

 Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет — Жаңа Жыл! Армандар орындалып, Жаңа Жыл кереметін сыйласын!

***

Жаңа жылда,

Жаңа жылдың әр күні,

Жақсы хабарларға,

Жағымды жаңалықтарға,

Күтпеген қызықтарға,

Қуаныш сыйлайтын sms-терге толы болсын!!!