Жаңажылдық дастарқанды безендіру

           Жаңа жылды қарсы алудың әуре-сарсаңына түсу басталып кетті. Шырша кесіп, оған ойыншықтар тағып, үй ішін безендіріп қойдық, жаңа жылды қарсы алу кешіне арналған киімдер де әзір. Жаңа жыл дастарқанын безендіруді аз ғана сағаттар қалғанда бастайды. Дастарқанды безендірудің бірнеше нұсқаларын сізге Massaget.kz сайты ұсынады.

Ақ  дастарқан жапқандай,

Халық біткен қарбаласып

Қонақ күтіп жатқандай...

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде тәтті үміт.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп сәттілік.

          Жаңа жыл десе, қызыл-жасылы жыпылықтаған ойыншықтар ойға оралатын бұл мерекені қарапайым дастарқанмен қарсы алу көңілсіз. Сусындар мен кәмпиттерді жылтырақ қағазға орағанның өзі дастарқанның жаңа жылдық екенін сездіріп тұрады. Дастарқан басына қойылған май шамдар да жылулық пен әдеміліктің белгісіндей. Ошақ қасына жиналған жандар арасындағы мейірім мен жылулық мәңгі өшпестей болсын деген ниетпен шамдарды жағып қойған дұрыс.

 Шартылдақ (бала ойыншығы)

            Әрбір асқа арналған тәрелкелерге бір шартылдақ ойыншығынан салып қойыңыз. Бұл дастарқанды ерекше жайнатып жібереді. Жаңа жыл қарсаңында дүкендерде бұндай ойыншықтардың түр-түрі сатылымға шығады. Бағасы да қымбат емес. Қолдан істеуге де әбден болады. Кәмпиттің жылтырақ қағаздары мен әдемі лента болса жеткілікті. Бірнше қағаз үйінділерін жинап, оны кәмпит қағазымен орап, соңынан барып лентаны әдемі байлап қойсаңыз жеткілікті.

  Шырақ

         Қарапайым шырақтарды лавр жапырақтарымен, өсімдік қабықтарымен сәндеп дастарқан басына қоюға болады. Жапырақтарды шыраққа жабыстырып, әдемі ленталармен байлап қойсаңыз, болғаны. Бірақ шырақ жаққанда абай болыңыз. Қауіпсіздік үшін шамды жағар алдында лентаны шешіп қойған абзал.

 Бокалдар 

         Бокалдарға жаңа жылдық өң беруге болады. Ол үшін көгілдір краскамен аязды оюлатып салу керек. Бокалды пайдалануға ұсынар алдында бояуының толық кепкенін қадағалаңыз.

Үстел “шыршасы” 


         Кәдімгі жаңажылдық үлкен шыршаның бұтағын кесіп алып, оны әдемі құмыраға отырғызу керек. Енді шыршаға кәмпиттер мен тиындар, ленталар мен жіптер тағылады. Кәмпиттер мен тиындар молшылықтың белгісі болмақ.  Сонымен қатар, үстел үстіне орналасқан шырша дастарқанның ажарын ашып қана қоймай, көңілге де қуаныш сыйлайды.

 Жеміс құмырасы

          Қайсыбір дастарқанның болмасын, ортасынан міндетті түрде жеміс салынған құмыра орын алады. Жаңажылдық үстелдің жеміс құмырасын да әдемі безендіруге болады. Мандарин мен алмалардың арасына жылтырақтар мен ленталарды толтырып қойсаңыз, дастарқан одан сайын жайнай түспек. Бастысы, бұл әшекейлер құмырадағы жемістерге еш зиянын тигізбейді.

         Міне, осы тәсілдермен мерекелік дастарқанды безендіріп көріңіз! Естен кетпес жаңа жыл болмақ. Естелікке қалған фотосуреттерде бұл безендірулер ерекше көзге түседі.

         Іске сәт!  Жаңа жыл шатыққа толы болсын!

Суреттер kedem.ru сайтынан алынған