Жаңа жылды қандай киімде қарсы алу керек?

Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу керек - стиль

         Стиль – нақты көйлек түрі емес, жалпы киіну мәнері. Жаңа жылда шүберек пен бұйымдардардан басқа, көңіл күйіңіз бен жүріс-тұрысыңыз, бояуыңыз бен шашыңыздың сәнделуінің барлығы өмірге деген махаббатыңызды көрсетіп тұруы тиіс.   

         Айтып өтетін жағдай, ер адамдар да жаңа жылды көтеріңкі көңілмен, үлкен дайындықпен күтуі қажет. Әйелдер неғұрлым сұлу, тартымды, жарқын болса, келер жыл соғұрлым сәтті болмақ.

 

Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу қажет?

         Шығыс күнтізбесі бойынша, 2012 жыл - қара су айдаһары болып есептеледі. Яғни, келер жылды жылтыры бар қара түсті киімде қарсылаған дұрыс. Екінші орында сары және сұр түстер, бұл жерде де жылтырды ұмытпаңыз. Үштікті ашық қызыл түс тәмамдайды. Сонымен қатар, мамандар жасыл және көк түстің реңктерін киюге де кеңес береді. 

Киімнің матасын таңдарда, шифон мен жібекке назар аударыңыз. Олар келбетіңізге мерекелік сән келтіреді. Оған қоса, айдаһар терісіндей, тартылып тұратын мата да жақсы шешім болмақ.

Ал жаңа жылға не киерін білмей жүрген ер адамдарға ашық түсті жейде, не болмаса ашық түсті галстук кию қажет.


 

Жаңа жылды қандай әшекей бұйымдармен қарсы алу қажет?

Аңыздарға сүйенсек, айдаһар көбіне қазына қорғаған. Сондықтан, жаңа жыл – қобдишаңыздан ең қымбат әсем бұйымдарыңызды шығаратын сәтті кез. Маңыздысы сол, жаңа жылға міндетті түрде нағыз асыл тастар мен әшекей тағып, арзан жасанды, көшірме бұйымнан аулақ болғаныңыз жөн.

          Ал егер жаңа жылға карнавал ұйымдастырылса, онда барлығы керісінше. Мұндай кеште ерекше образ жасау үшін көп жылтыр, ашық дүниелерді қолдансаңыз болады. Және киіміңіз де карнавалға сай дайындалады. Мысалы, су перісі костюмі өте ұтымды көрінеді. Себебі ол - теңізде тіршілік ететін аңыз кейіпкері, денесі жылтыр, өте тартымды және сұлу.   


 

Жаңа жылды қарсы алуға қалай боянып, шашты қалай сәндеу қажет?

Көңілді кеште назардан тыс қалмауға тырысыңыз. Жаңа жылда шашыңызды іскерлік стильде жинап, көрінер-көрінбес макияж жасауға болмайды. 2012 жылды лайықты деңгейде қарсы алу үшін шашыңызды бұйралап, немесе әдемілеп жіберіңіз. Түгел образды аяқтау үшін қымбат шаш түйреуішін түйресеңіз болады. Және міндетті түрде сәнді маникюр мен мерекелік батыл кешкі макияж жасау қажет.  


Жаңа жыл құтты болсын!