- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2012
- Жаңа жыл кешіне...
Жаңа жыл кешіне арналған дастархан
Әдетте үй бикештері жаңа жылға арналған мерекелік дастарханға бар тәттісін үйеді. Қолда бар азық-түліктерден небір тағамдар мен тәтті тоқаштарды жасап, дастарханнан бос орын қалдырмауға тырысып бағады. Мұның сыры — келер жыл молшылық жылы болсын деген ниеттен туады.
Кез келген жылдың иесі болатыны мәлім. Жаңажылдық дастарқан сол жылдың иесі болып саналатын жануардың бітімі мен болмысына сай келуі маңызды. Жұлдызшылар әрбір жыл иесіне арнап мінездеме жасаған. Соған сүйене отырып, ас мәзірін әзірлесеңіз, бір жағынан қалтаңыз үнемді болса, келесі жағынан артық ас әзірлеп, әуреге салынбайсыз. Ал ең бастысы, жыл иесі сізге бар жақсылығын сыйлайды екен.
Жаңажылдық отырыстан кейін оған дайындалған үстеліңізден дәм татқан жақындарыңыз асқазан ауыртпалығын сезініп жататын кездер болады. Оның себебі, шектен тыс көп дайындалған ас болса керек. Бұған жол бермеу үшін біздің ұсынып отырған жаңа жылдық ас мәзірімізге мән беріп көріңіз. Құрамы мен дайындалу әдісіне орай, тағамдардың ең дәмділері таңдалған. Бағасы да көңіл көншіктірердей.
2012 жылдың иесі — ұлу. Олай болса, ұлуға қандай сипаттама берілген екен?
Ұлу — қорек талғамайтын жәндік. Ол көп нәрсені өзіне азық ете алады. Тек бұл жылдың иесі су ұлуы болып тұр. Соған орай, судың басты жәндігі саналатын балық дастарқанда міндетті түрде болады. Енді қиялыңызға ерік беріп, тағамның сан түрін жасаңыз. Бұл жылды жұлдызшылар қытайдың қара су ұлуының жылы деп атайды. Сондықтан, қытай асханасынан ащы тағамдарды дайындасаңыз да, ұлу жылы сізге күлімдеп кіреді.
Ал біз өз кезегімізде жаңа жылға арналған ас мәзірлер қатарын ұсынамыз.
Жыл иесі су ұлуы болғаннан кейін, жұлдызшылар дастарханнан су жәндіктерінің орын алуын жақсылыққа жориды. Ал суда тіршілік ететін негізгі жәндік балық екенін ескерсек, балық тағамы негізгі ас болады. Алайда, қайсыбір қазақ дастарханын еттен жасалған тағамсыз елестету қиын. Еттен дайындалған ас та шетте қалмайды. Балғын көкөністер мен жеміс жидектердің орын алуы заңды. Олар дастарханның сәнін келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар, асқазанның қабылдауына да жеңіл, әрі кешкі астың әдемі нүктесі. Сусындар болса, бөлек тақырып. Салаттардың таңдамалы түрлерін біздің қоржынымыздан табасыздар. Десерт деп жүрген тәттілерді де ұлу жәндігіне ұнайтындай етіп, асқабақтан әзірлейміз. Торт пен тоқаштар — дастарханның ажары. Оларды да қолдан әзірлеген, әлдеқайда ұтымды.
Massaget.kz сайты әзірлеген жаңажылдық ас мәзірі:
Суреттер www.irsen.biz сайтынан алынған
А. Байжан