- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2012
- Әлемнің алып елдеріндегі...
Әлемнің алып елдеріндегі Жаңа Жыл мерекесі: Африка елдері
Эквадор
Эквадорда сағат тілі тура 00:00 болғанда «нашар күйеулерін» жоқтайтын «жесірлер зары» деп аталатын қуыршақтар отқа оранады. «Жесірлердің» бейнесін әйел болып киінген ер-азаматтар сомдайды.
Жыл бойы саяхатта болғысы келген жандар сағат дабылы 12 рет соққан уақытты қолына шамадан ұстап, үйді айнала жүгіру керек. Ескі жылы болған сәтсіз оқиғалар мен қайғы-мұңды ұмыту үшін эквадорлықтар далаға су құйылған стаканды лақтырады. Бұл сынған ыдыс сумен бірге бар жамандықты алып кетеді деген сенімнің белгісі.
Оңтүстік Африка Республикасы
Түрлі-түсті отшашулар, музыка, ән, би - Оңтүстік Африкадағы Жаңа жылды қарсы алу мерекесінің басты бөлшегі. Кейптаунда қара нәсілді немесе қара нәсіл болып боянған жандардың шеруі атақты Менестрел Карнавалы өткізіледі. Әдемі киінген жандар оркестр орындайтын негр музыкасына билейді. Жаңа жылдық шеру қаланы аралап, әр аудан сайын шеругу қатысушылардың саны көбейе түседі. Бұл елдің өнеркәсіп астанасы Йоханнесбургтің аудандарының бірі дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында терезеден бос бөтелкеден бастап, үлкен жиһазға дейін әр түрлі тұрмыстық бұйымдарды лақтырады.
ОАР полициясы Хилброу ауданындағы жолдарды жауып тастап, автокөліктерді жібермей, қауіпсіздік қызметтін күшейтеді. Қауіпсіздік қызметкерлері бұл аудан тұрғындарынан терезеден Жаңа жылда тоңазытқыштар, төсек, микротолқынды пештерді сияқты ауыр бұйымдарды лақтырмауын өтінеді. Себебі, осындай ауыр бұйымдарды терезеден тоңазытқыш лақтырғанның салдарынан бірнеше адам қайтыс болып, ауыр жарақат алған.
Қызықты дәстүрі бар бұл аудан қаладағы ең қауіпті аудан болып табылады. Жаңа жылда Хилброу ауданын жүзге жуық полиция қызметкерлері күзетеді. Дурбан жағажайында Жаңа жыл мерекесін ерекше атап өтеді. Жағажайға жиналатын халық санында шек жоқ. Барлығы Жаңа Жыл мерекесінде суға түсіп, трамплиннен суға секіреді. Сондай-ақ, мерекелік шоу-бағдарламалар ұйымдастырып, әлемге танымал жұлдыздар өнер көрсетеді. Оңтүстік Африка Жаңа жылы дүниежүзілік кең ауқымды іс-шара болып табылады.
Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған
Ғ. Ұзақ