2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Тоқты

Тоқты (21 наурыз — 20 сәуір)

Әйелдерге.  Бұл жылы олар кез келген ауыртпалықтарға қарамастан, өз өмірлерін оң бағытқа өзгерте алады.

     Өткен жылмен салыстырғанда, бұл жылы сіздің шығармашылық шабытыңыз ашылып, әр істі ерекше ықыласпен тындырасыз. Қаңтар айынан бастап, тамыз айының соңына дейін, айыңыз оңынан туып, айналадағы жандарға өз мүмкіндіктеріңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Алайда, Уран планетасы күшінің әсерінен мінезіңізде бірбеткейлік пайда болып, айналадағы жандармен табысуда кері әсерін тигізетін болады. Ұсақ-түйекке үлкен мән бермей, эмоцияларыңызға сақ болғаныңыз дұрыс. Маңызы бар шешімді қабылдамас бұрын, жеті рет өлшеп, бір рет кесіп, жақындарыңызбен ақылдасқаныңыз дұрыс. Юпитер планетасы өз ісіңізді ашуға септігін тигізеді. Бұл отбасының қаржы бюджетіне біршама үлес қосады. Жылдың бірінші жартысы өзіңізге күтім жасауға қолайлы. Денсаулығыңызға мән беріп, ағзаны күшейту шараларын ұйымдастырыңыз. Қазан айынан бастап, қарама-қарсы топтың мүшелерімен қарым-қатынаста абай болыңыз. Жылы қабақ танытқандардың пиғылы түгел жылы деген ойдан аулақ болыңыз.

 21-31 мамыр аралығында туылғандар

«Өзгерістер ғана мәңгілік бола алады» деген нақыл сіздің ұраныңызға айналады. Оқиғалардың тез өрбуі — кей істерде ойланбай әрекет етуге әкеледі. Жұмсақтық — қызметте пайдасын бермейтін мінез. Албырттық, өжеттілік және қыңырлық сияқты қасиеттерді бойға сіңіріп,  әріптестеріңізбен қарым-қатынаста көрсете біліңіз. Наурыз айынан бастап, тамыз айына дейін жаңа мүмкіндіктер туады. Өзіңізге сенімді болыңыз!

 1-10 сәуір аралығында туылғандар

Шілде-тамыз айларында сүйіктіңізбен араңызда  келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Жиі кездесулерді доғарып, бір-бірлеріңізден демала тұрғандарыңыз абзал. Тамыз айы саяхаттау үшін қолайлы мезгіл. Сондай-ақ, жаздың соңы күтпеген кездесулер мен жаңа танысуларға толы болмақ. Қазан айы жұмыс орныңызды ауыстыруға немесе басқа қалаға қоныс аударуыңызға қолайлы болмақ.

 11-20 сәуір аралығында туғандар

2012 жылы Сатурн  планетасының ықпалымен махаббатта тұрақтылықты қалайтын боласыз. Екеуара түсіністік пен қызғаныш сезімінің болмауы сіздердің махаббаттарыңызды берік ете түседі. Қараша айында шығармашылық табыстарға кенелесіз, жұмыста қолдау мен мақтауға ие боласыз. Көптен бері құтыла алмай жүрген қарыздарыңыздан жылдың соңына қарай түгел құтылуға мүмкіндіктер бар.

 Еркектерге.  Олар алған бетінен қайтпайтын жандар. 2012 жыл — бедел мен құрметтің артуына септігін тигізетін жыл болмақ.

 Бастаған жобаларыңыз бен жоспарларыңызға атүсті қарамай, оның іске асуына бар күш-жігеріңізді салған кезде ғана, 2012 жылы толағай табыстарға кенелесіз. Бірбеткейлік пен тез келетін ашу жақындарыңызбен қарым-қатынаста кедергі келтіреді. Әсіресе, басшылармен қарым-қатынаста абай болған дұрыс. Оларға сіздің мінезіңіз көк тиын. Өзіңізді сабырлыққа шақырыңыз. Жаз айларында тоқты жұлдызы бойынша туылған ерлер махаббатқа мастанып, романтиканың жетегінде кетеді. Қазан айы мен жылдың соңғы айларында қызметке берілуге тура келеді. Көп ұзамай, қызметте табыстарға кенелесіз.

 21-31 мамыр аралығында туылғандар

Қызмет баспалдағымен өсу өміріңізді жақсы жаққа өзгерте алады. Сондықтан, басшылықтың кез келген ұсынысына қол сілтемей, қабыл алуға тырысыңыз. Әсіресе қызметтегі қиындықтарға төзімділік таныту — тек материалдық тұрғыдан емес, моральдық тұрғыдан да көмегін тигізеді.

 1-10 сәуір аралығыда туылғандар

Алға қойған мақсаттардың ішінде басқа қалаға қоныс аудару болса, қолайлы сәт 2012 жылдың бірінші жартысында тумақ. Шетелге шығуға да зор мүмкіндіктеріңіз бар. Жылдың екінші жартысында жаңа мақсаттар бойынша жаңа істерді бастайсыз.

 11-20 сәуірде туылғандар

Төзім мен салмақтылық болмаса, жыл бойы алауыздықтар мен келіспеушіліктерге жиі ұшырасатын боласыз. Жылдың соңына қарай, рухани өсуді ойлап, білім алу мәселесіне мән беріңіз. Махаббаттағы белсенділік көктемде айрықша сезілетін болады.

 Дүниетанымыңызды тереңдетіңіз

Өзіңіздің күш-жігеріңізді алға қойған мақсаттарға жетуге арнаңыз. Құзырыңыздағы барлық істі  жан-тәніңізбен беріле орындаңыз. Сонда ғана жоғары жалақы мен мансаптық өсуден үміттенуге болады.

 Махаббат

Сіздің күшіңіз — әлсіздігіңізде

Ерлі-зайыптылар үшін 14 қаңтардан 12 наурызға дейінгі аралық романтикаға толы болмақ. 15 шілде мен 7 тамыз аралығында жалғызбасты ханымдар бейтаныс жанның назарына ілігіп, оның сый-құрметіне бөленуі мүмкін. Шілде айында алғырлығымен жүрегіңізді жаулап алатын, өзіңізге рухани қолдау көрсететін серіге жолығасыз. Араларыңыздан махаббат ұшқыны зулап өте шығуы мүмкін, бірақ оны өмірлік серігім деп айтуға болмайды. Ал арманыңыздағы жанды жолықтыру уақыты қыркүйек-қазан айларына сәйкес келеді. Ішкі сезіміңіз де оның сіз іздеген жан екенін айтады. Жыл отбасын құрмағандар үшін қолайлы. Отбасын құру жоспарын ойлап жүрген болсаңыз, осы жылы әрекет етуге болады.

 Отбасы

Беделіңізді көтеріңіз

Қаңтар айынан бастап, қазанға дейін отбасыңызды көздің қарашығындай сақтауға ұмтылыңыз. Бұл орайда, отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасыңызды жақсартуға ұмтылыңыз. Әке-шешеңізді ренжітіп алмауға тырысыңыз. Күйеуіңіздің жұмысына қатысты істерге араласып отырғаныңыз дұрыс. Себебі, алданып қалу мен өзгелердің қаһарына ұшырау қаупінен сіз ғана сақтай аласыз. Отбасының берекесі көп жағдайда өзіңізге байланысты болмақ.

Достық

Ортаның гүлі болыңыз

Өзіңіздің жеке әлеміңізге қарай жаңа танысқан адамдарды тартыңыз. Барыңызды салсаңыз, сіз кез келген ортаның гүліне айнала аласыз. Тез тіл табысып кету, жаңа ортаға тез бейімделгіштігіңіздің арқасында жаңа достар табасыз. Достарыңыздың арасында орынды кеңестер мен пікір беріп отыратындары табылады. Олардың пікірлеріне құлақ асыңыз. Достарыңызбен бәсекеге түсуге талпынбаңыз, қызығушылықтарыңыздың сәйкес келмей жатқан тұсы болса да, жан жолдасыңыз екенін естен шығарманыңыз абзал.

 Денсаулық

Өзіңізді ұсақ-түйектермен қуантыңыз

Жыл бойы денсаулығыңыз сау қалпын сақтап тұрсын десеңіз, жеке бас гигиенасы мен денсаулығыңызға үлкен мән беріңіз. Ағзаңыз селқостықты көтермейді. Спортпен шұғылдану жағын ойластырып көріңіз. Бірінші жартыжылдықта ас мәзіріңізге ерекше назар аударыңыз. Ағзаға түсетін күш қабылдаған асыңыздан болмақ. Орталық жүйке жүйесінің қызметіне мән беріңіз. Ұсақ-түйек нәрселерден ашуға булығып, дауыс көтермеңіз. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасты тең дәрежеде ұстаңыз. Олармен арадағы келіспеушіліктер денсаулығызға кері әсерін тигізеді, өзіңіз де әріптестеріңізбен қарым-қатынаста мейірімділік танытыңыз. Қанған ұйқы бойыңызға қуат береді, сергек жүруге де көмегін тигізеді. 23 тамыз бен 6 қазан аралығында жұқпалы дертті жұқтыру қаупі бар. 5 қазаннан бастап, жылдың соңына қарай жарақаттануыңыз мүмкін. Дене еңбектерімен айналысуда абай болыңыз.

Жұмыс пен қаржы

Еңбекте ерліктеріңіз байқалады

Марс планетасы сіздің жұмыс істеуіңізге ерекше шабыт сыйлайды. Шабытпен атқарылған істен ләззат алмау мүмкін емес. Жылдың алғашқы бөлігінде бұл шабытыңыз сіздің материалдық жағдайыңызды біршама деңгейге көтере алады. 24 қаңтардан бастап, 13 сәуір аралығына дейін жұмыс кеңсесінде болатын өзгерістер сізге оң нәтижесін көрсетеді. Көктемге қарай сұқтанушылар мен көре алмаушылардан сақ болыңыз. Олардың жәбірі сіздің еңбегіңізге зиянын тигізу қауіпі бар. Дәрежеңіз бен еңбекақыңызды көтеру жөнінде өтінішпен басшылыққа қаңтар айында жолыққаныңыз дұрыс. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында ғана биіктен көрінесіз. Және бұл сіздің қолыңыздан келеді.