2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Суқұйғыш (21 қаңтар — 19 ақпан)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Суқұйғыш (21 қаңтар — 19 ақпан)

Жыл бойы келіп түскен ақпараттарға,  алып-қашпа әңгімелерге, кеңестер мен бөгде кісілердің уәдесіне сене бермегеніңіз абзал. Өйткені, алдап кеткісі келіп жүрген жандар жақын жерде жүр. Бірақ, адамдармен қарым-қатынас жасауда өзіңізге шек қоймаңыз. Жылдың әзірлеп тұрған тосын сыйлары баршылық.

Қыс

Жаңа махаббатқа тап болуыңыз мүмкін. Елден жырақ жерге сапарыңыз шығармашылық шабыт сыйлайды, жарқын болашағыңызды қамтамасыз етіп алуға да мүмкіндік бар. Сәттілікке жолығуыңыз өзіңіздің шешімдеріңізге байланысты.

Көктем

Сыр сақтай білу маңызды! Жанұялық құпиялармен қатар, жеке сырларыңызды іште сақтай біліңіз. Көрінген жанға сенім арту, үлкен өкінішпен аяқталуы мүмкін. Өмірге жеңіл көзқараспен қарамаңыз. Ақылға мойынсұну көп олқылықтардың алдын алады.

Жаз

Романтикаға толы жаз айларында көптеген оқиғаларды бастан кешесіз. Сыңарын тапқан суқұйғыштар арасында біріншілікке ұмтылудың салдарынан ұрыс-керістер орын алуы мүмкін. Тамыз айында жағдай оңала түспек.

Күз

Қоғамда ойып тұрып орын алатыныңызды дәлелдейтін кезең. Беделіңізді көтеруді мақсат тұтып, батыл қадамдарыңызбен көзге түсесіз. Сенімділік серігіңізге айналмақ.

 Әйелдер

Нәзік жанды суқұйғыштар туған-туыс, бауырларына демеу болады. Уақыты мен зейінін жақын жандарынан аямайды. Өзіне де уақыт табады.

Өмір салтыңызды оң бағытқа бұруға талпыныңыз. Өзіңізді тек үй шаруасына арнағаныңыз дұрыс емес: рухани және материалдық дағдарыстарды тең көру күйзеліске түсіреді. Жаңашылдыққа ұмтылыңыз, белсенді болыңыз, жаңа танысулар мен көңілді кештерден бас тартпаңыз. Ой-өрісіңізді кеңейтсеңіз, қыркүйек айында үлкен жетістікке жетесіз. Шығармашылықпен айналысатын суқұйғыштар жылдың екінші жартысында Юпитердің ықпалында болып, ауқымды істерді сәтті тындырады. Жұмысбасты ханымдар қызметте ерекше белсенділік танытады. Жеңістерімен жақындарын қуанта алады. Жылдың соңына қарай суқұйғыштардың бұған дейін белгісіз боп келген қырлары ашылып, құрметке ие болады.

21 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында туылғандар

Телефон, автокөлік пен ғаламтор — жеңіске жетуге үлкен көмегін тигізеді. Қисынын тауып, бұл құралдарға қол жеткізуге тырысыңыз. Себебі, қызметтегі жетістіктердің ауылы алыс емес. Қаңтар-наурыз айларында отбасында мазасыздықтар болады. Қам жемеңіз! Қазан мен желтоқсан айларында басшылықпен қарым-қатынаста абай болыңыз. Айтылған әр сөзіңізге мән беріңіз. Сіздің басты мақсатыңыз — еңбегіңіздің нәтижесі көрсету!

1 ақпан мен 10 ақпан аралығында туылғандар үшін

Қаңтар мен ақпан айларында көптен бері ойлап жүрген арманыңыздың ақиқатқа айналуына көмек беретін жандар табылады. Жаңа танысыңызбен берік қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, жоғары интеллект, кең дүниетаным мен білімділіктің басты рөл атқаратынын білгейсіз. Наурыз айында жанұяңызда жағымды жаңалық болады. Шілде айынан бастап, жылдың соңына дейін қызметте сізді толағай тасбыстар күтіп тұр.

11 ақпан мен 19 ақпан аралығында туылғандар үшін

Қаңтар айынан бастап қазан айына дейінгі аралықта өміріңіз, қалыптасқан тәртіп бойынша бірқалыпты жылжып отырады. Ұсыныстардан басыңызды ала қашпаңыз, өміріңіздің кез келген аясында белсенді болуға талпыныңыз. Шілде айында айтпай келетін қуаныштарға дайын болыңыз. Дәрежеңіздің жоғарылуы өзіңіздің қалауыңызға байланысты болмақ. Егер іштей тілесеңіз, жетекші қызметтің тізгінін ұстауыңыз мүмкін.

Ерлер

Олар өздерінің пысық екендерінен дәлелдейді. Қоғамдық істерге белсене араласады. «Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырмау және мүмкіндікті құр жіберіп алмау» — деген ұстаныммен суқұйғыш еркектер өнімді еңбек етеді.

Жылдың бірінші кварталында қоныс мәселесін шешумен айналысады. Суқұйғыш ер азаматтарды үй шаруасына араластырмаған дұрыс. Олар үйдегі еңбектен гөрі, түздегі еңбекті қалайды. Суқұйғыштар романтикаға құштарлығының арқасында сүйіктілерінің құмарын қандырып жүреді. Әсіресе, жылдың екінші жартысында бойда алаулаған махаббат сезімінен батыл қадамдарға барады. Тамыз айының соңынан бастап қызмет бірінші орынға шығады. Әлеуметтік мәселелердің шешілуі жылдың соңында болмақ.

21 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында туылғандар

Қызметте жақсы нәтижелер көрсету үшін, топпен жақсы қарым-қатынас орнату керек. Ақпарат пен бизнес саласында қызмет ететін суқұйғыштарды қазан-қараша айларында жаңа белестер күтіп тұр. Махаббатта сезіміңіз тұрақты болмақ.

1 ақпан мен 10 ақпан аралығында туылғандар үшін

Жылдың бірінші жартысында таң қалдырарлық жаңалықтар болмайды. Жаз айлары махаббат қарым-қатынастарының беки түсуіне оң әсер етеді. Күзде қызметте бірқатар өзгерістер болады.

11 ақпан мен 19 ақпан аралығында туылғандар үшін

Жыл бойы олар өздерін кәсіби тұрғыдан  шыңдай түспек. Соның арқасында деңгейі мен абыройы өседі. Жылдың соңында материалдық жағдай жақсарады.

 Жалпы болжам: Армандардың орындалуына бар күшіңізді салыңыз

Бұл жылы сіз өмір баспалдағымен алға қарай қадам басып келе жатқаныңызды ұғынасыз. Қадамдарыңызды нық сеніммен басыңыз. Сонда ғана бақыт кілтіне қол жеткізесіз. Өмір тынысындағы өзгерістер асықпай сезіледі.

Махаббат

Алтын балықты іздеңіз

Қаңтар мен наурыз айлары аралығында сүйіктіңізбен тым жақын қарым-қатынас орнайды. Сізге қызуқандылығыңызды тежеуге кеңес беріледі. Сыңарыңызды шошытып не болмашы нәрселерге ренжітіп алуыңыз ғажап емес. Бұл аралықтағы жеке өміріңіздің сәтті қалыптасуы көңіл күйіңіздің көтеріңкі болуына да жол ашады. Ақпан айында қаржы мәселесіндегі қолайсыздықтар жеке өміріңізді аз уақытқа салқындатады. Дегенмен үмітіңізді үзбеңіз. Сәуір айында нағыз ынтық сезімді бастан кешесіз. Жаз айларында ескі махаббаттарыңыздың бірі жеке өміріңізге араласуы мүмкін. Әйтсе де, бұл қиын кезеңде сіз өз жұбыңызға шынайы сүйіспеншілігіңізді айналадағы жандарға дәлелдей аласыз. Күз мезгілінде отбасыңызбен бірге болыңыз. Жалғызбасты суқұйғыштар жаз айларында қарсы топ мүшелерінің назарын өзіне аударып, тосын сыйларға ие болады. Ал күз мезгілінде олардың жүрегінде махаббат сезімі бүршік жаруы ықтимал.

Отбасы

Әр мәселенің шешімі бар

Өзіңізді жетілдіруге ұмтылыс кезінде, ағаңыз не әпкеңіз бар көмегін аямайды. Сондай-ақ, қызметтік өмірде толағай табыстарға жетуіңізге ата-анаңыз себеп болады. Олардың тәрбиесі мен кеңестерін қабылдап, қажетіңізге жарата білгеніңіз абзал. Алғашқы жартыжылдықта пәтер алмастыруыңыз немесе құнды мүлікке қол жеткізуіңіз ықтимал. Қомақты қаражат жұмсауда абай болыңыз. Күз айлары ең жақын адамдарыңызбен өтпек. Балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл аударыңыз.

Достық

Қолдау достарыңыздан болады

Құрбыларыңызбен жиі бас қосулар сергектік пен жан рақатын сыйлайды. Олардың жанында барлық жағдаяттарды бір сәтке ұмытып кетуге болады. Бірақ, достарыңыздың барлығы бірдей сізге адал деп айтуға болмайды. Сыр бөлісуде жаныңызға тек ең жақын құрбыңызды серік етіңіз. Достарыңыздың алдында өзіңізді өркөкірек, менменшіл етіп көрсетуден сақ болыңыз. Ақпан немесе наурыз айында ең жақын құрбыңызбен достығыңызды сынақ тосып тұр. Ол қаржыға байланысты болуы мүмкін. Дау тудырмай, бейбіт жолмен шешуге талпыныңыз. Әр сөзді өзіңізге тым жақын қабылдамауға тырысқаныңыз жөн. Күз мезгілінде шынайы достарыңыздың кім екенін білетін боласыз.

Денсаулық

Өзіңізге уақытты аямаңыз

Қаңтар айынан бастап шілдеге дейін сақтанып жүргеніңіз дұрыс. Қас-қағым сәтте денеңізге ауыр күш түсіріп алуыңыз мүмкін. Жұқпалы ауруға шалдыққан жандарға жақындамас бұрын, сақтық шараларын жүргізіңіз. Егер ота жасатуға мәжбүр болған суқұйғыштар болса, 16 мамыр мен 29 маусым аралығында қамдансын деп кеңес беріледі. Көктем айларында созылмалы аурулардың алдын алу үшін қажетті емдік процедураларға қарсылық білдірмеңіз. Дәрігерге баратын уақыт табылуы тиіс. Жүйке жүйеңіздің қызметін жақсарту үшін, дене еңбегімен шұғылданыңыз, суда жүзіңіз. “Үнсіздік күнін” ұйымдастыруға болады. Күні бойы бір жанмен сөйлеспейсіз, сонда ішкі әлеміңіздің дыбысын ести аласыз.

Қызмен пен қаражат

Тағдырыңызға сенім артыңыз

Қаржы қалтада жұмсалу үшін пайда болады деген ой түйіңіз де, әрбір кеткен тиынның ізінен өкініш айтпаңыз. Бірінші жартыжылдықта іс-сапарлар заттай табыспен қоса, мол тәжірибе жинақтауыңызға себеп болады. Сәуір айында лоторея мен акцияларға қатысыңыз. Ұтыс сіздің жақтан көрінеді. Жаз айларында тиянақты еңбегіңіз үшін қосымша сыйақы аласыз. Маусым айында жұмысбасты суқұйғыштар қызметте тапсырмаларға шаш етектен батуы мүмкін. Қағаздармен жұмыс, келіссөздер шаршатып жібереді. Күз айларында қызмет бірқалыпты күйге қайта енеді. Ал қысқа қарай, тәуір жұмысқа өзіңізді ұсынып көруіңізге болады. Қыстыгүні мүмкіндіктеріңіз шектеусіз.

А. Байжан