2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Шаян (21 маусым -22 шілде)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Шаян (21 маусым -22 шілде)

Шаян (21 маусым — 22 шілде)

 Адамдарға бос күмән артпаңыз. Болмашы нәрселерді көңіліңізге жақын қабылдау да зиян келтіреді. Қарсы пікірлерден қорықпай, ойыңызды ашық айтыңыз. Бос қиялға беріліп, армандай беруге енді болмайды. Айдаһар жылы сол армандарыңызды жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер сыйлайды.

 Қыс

Қызметтегі шеті көрәнбейтін шаруалардан мазасы күйде жүруіңіз мүмкін. Сонда да күш-жігеріңізді аямаңыз. Есесіне, отбасында бірлік пен жайлылық жаныңызға демеу болады.

 Көктем

Наурыз айында сіз өзіңіздің тыныштықты жақсы көретініңізге қарамастан, іштей өзгерістерді күтесіз. Сіз айналаңыздағыларға ықпал еткіңіз келеді. Сол себепті өзіңіз бұрыннан армандап жүрген тосын қадамды жасауыңыз мүмкін.

 Жаз

Маусым айында сіз алға қойған мақсаттарыңызға сенімді боласыз. Жаз айларында сіздің жан дүниеңізге ерекше әсер ететін адам өміріңізде пайда болуы мүмкін. Махаббат оқиғасының соншалықты әдемі, толғанысты болуы, мінезіңіз жақсы жаққа өзгереді, рухани да байи түспексіз.

 Күз

Қыркүйек айы бірқалыпты өтеді. Білім алуға қатысты сұрақтарға тап болсаңыз, құлқыңыз болмаса да, келісім беріңіз. Егер сіз өзіңізді тым ұялшақ немесе тым қызуқанды есептейтін болсаңыз, онда қазан айындағы өзгерістерге дайын болыңыз. Қараша айында кез келген нәрсеге белсенділігіңіз артады.

 Әйелдерге

Ол өзін жан-жақты дамытуға талпынады. Өмірге құлшыныс өзіне деген махаббатын оятады.

 Сенімді ханшайымдарға ғана 2012 жыл күліп қарайды. Қиын мәселелерді шешу кезінде шыдамдылық танытқаныңыз абзал. Кез келген басқа түскен қиыншылақтарды нәтижелі сынақ деп біліңіз. Көктем айларында қарым-қатынас шеңберіңізді кеңейтуге тырысыңыз. Бұған ықпал ететін жандар жаныңыздан әркез табылады. Жазда Уран мен Плутон ғаламшарларының әсерінен жұбайыңызбен немесе туыстарыңызбен арада түсініспеушіліктер болуы мүмкін. “Әйелдің қырық жаны бар” демекші, өзіңізді қолда ұстаңыз. Бәрі уақытша құбылыстар.

 22 маусым мен 1 шілде аралығында туылғандар үшін

Ақпан мен наурыз айлары өміріңізге оң өзгерістер енгізе алады. Өзгерістер де өзіңіздің әрекеттеріңізге қарай жүзеге асып отырмақ. Жаңа танысулардың арқасында жаңа қызметке келуіңіз мүмкін. Жақсы ұсыныстардан бас тарта көрмеңіз.

 2 шілде мен 11 шілде аралығында туылғандар үшін

Қаңтар-наурыз айлары аралығында басшылықтан келген тапсырмаларды мұқият орындауға тырысыңыз. Осы аралықта қызмет бабында өзіңізді жаңа қырларыңыздан көрсетуге мол мүмкіншіліктер бар.

 11 шілде мен 22 шілде аралығында туылғандар үшін

Жыл басталысымен денсаулығыңыздың күтіміне мән бергеніңіз дұрыс. Себебі жыл бойы сіз тынбай еңбек етесіз. Еңбек ету үшін жігер мен денсаулық өте маңызды. Қаржы мәселелерін реттеу жылдың көктем мезгіліне сәйкес келеді.

 Ер адамдарға

Шаян еркектер мансап жолында көтерілу үшін жанын аямай еңбек етеді. Соның арқасында материалдық жағдайы тұрақталып, жақындарын қуантады.

Юпитер ғаламшарының ықпалы арқасында жылдың алғашқы жартысы жаңа танысуларды уәде етеді. Ол жаңа ортаны жатырқамай, судаң сіңіп кетсе, алдағы өмірінде мол табыстарға кенеле алады. Жылдың екінші жартысында тым еркінсіп кетуге болмайды. Жаңа жоспарлар құрып, оларды жүзеге асыруға барын салады. Демалыс пен денсаулықты жақсарту уақыты жылдың соңына сәйкес келіп тұр.

 22 маусым мен 1 шілде аралығында туылғандар үшін

Сәуір айынан бастап жаз мезгіліне дейін олардың өмірінде жағымды жаңалықтар көп болады. Олардың көбі қызмет бабына тікелей байланысты болмақ. Достарға көп сыр ақтармауға кеңес беріледі.

 2 шілде мен 11 шілде аралығында туылғандар үшін

Бұл аралықта туылғандар көктем айларында мол табысқа кенелуі мүмкін. Бірақ бұл табыс тек көп еңбектенген шаяндарды ғана күтіп тұр. Жаз айларында олардың отбасына көңіл бөлуге уақыты мол болады. Отбасылы еркектердің бала тәрбиесіне де уақыты табылады.

 11 шілде мен 22 шілде аралығында туылғандар үшін

2012 жылы олардың уақытының көп бөлігі орындалмай қалған жоспарларын жүзеге асырумен өтеді. Маусым айынан бастап толық босаңсуға болады. Массаж курстарына барып немесе бассейнге жазылып, өз-өзін сергіту жұмыстарымен айналысқандары дұрыс.

 Жалпы болжам: талантыңызды аша түсіңіз

2012 жылы шаян белгісінде туылғандарды жаңа белестер күтіп тұр. Тек өз бойындағы қабілеттері мен ерік-жігерін сыртқа шығарулары керек. Бұрын-соңды қол жеткізбеген табыстарға дәл осы жылы қол жеткізе аласыз. Іске сәт!

 Махаббат

Сүйіктіңіз бір сәтке де ойдан шықпауы керек

Жыл басталысымен жалғызбасты шаяндарды қызықты танысулар күтіп тұр. Тек көңіл көтеру үшін сөйлесіп жүрген достарыңыздың біріне ғашықтық сезіміңіздің оянғанын баййқамай қалуыңыз мүмкін. Ал отбасылы шаяндар бұл жылы отбасына жанашырлық пен мейірімділігін көрсете алады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жылы сезім отбасының ошақ түтінін түзу ұшыруға септігін тигізетінін бір сәтке болса да естен шығармауы керек. Жылдың соңғы айларында кейбір шаяндардың сәби сүюге зор мүмкіндіктері бар.

Отбасы

Абысынның татулығынан ас көп

Жыл бойы шаяндар туысқандарымен қарым-қатынастарын жақсартуға ұмтылады. Бұған дейін алыстан сыйласатын кей туысқандарымен жақыннан араласатын болады. Көктем айларында көршілер немесе жақын таныстарыңызбен ортақ істе абай болыңыз. Бұл мезгіл сондай-ақ, қарыз беру немесе қарыз алуға қолайсыз. Бала тәрбиесі шаяндардың жадынан бір сәтке болса да шықпайды.

 Денсаулық

Ауқаттанып жүріңіз

Шаяндар денсаулығына бей-жай қарайтын жұлдызды белгілердің қатарынан емес. Тек қуатыңыз біткенше еңбектенуден аулақ болыңыз. Тамақтану уақытын тұрақты еткен жөн. Себебі, асқазан бұл жылы қызметін нашарлатуы мүмкін. Жаздың аптапты ыстығында ұшыну дертінен сақтанып жүріңіз.

 Қызмет пен қаражат

Қаржы мәселесінде тапшылық жоқ

Қаңтар айы басталысымен қызметіңізден шаршап жүргеніңіз қатты сезіледі. Соған орай, ақпан айында жұмыс орныңызды ауыстыруыңыз мүмкін. Шыдамдылық танытатын болсаңыз, қызметіңіз тұрақты болады. Жылдың басы келіссөздер жүргізуге, не болмаса қосымша табыс табуға ыңғайлы. Ақша жағдайы бірқалыпты. Көктем айларында қарыздармен абай болғаныңыз абзал.

А. Байжан