Күтпеген оқиғаларға дайын болыңыз. Сырларыңыз бен ішкі сезімдеріңізді тұншықтырмай, сыртқа шығарып отырыңыз. Уақытылы тындырылған істер берекелі болмақ.
Қыс
Үйдің жөндеу-жұмыстарына кірісуге қолайлы уақыт. Тұрмыстық техниканы да жаңартуды ойлаңыз. Үйдегі ыңғайлық пен жылулық сіздің көңіл-күйіңізге оң әсерін тигізе алады.
Көктем
Бар күш-жігеріңіз бен ынтаңызды алға қойған мақсаттардың орындалуына жұмсайсыз. Кез келген сәтсіздіктерден өмірлік тәжірибе алатыныңызды есте ұстап, ұсақ-түйекке мойымаңыз, еңсені тік ұстаңыз.
Жаз
Ғашық болыңыз, бірақ махаббаттың жетегінде кетіп, басқа шаруаларыңызды ұмыт қалдырмаңыз. Жаз айлары тосын сыйларын әзірлеп тұр. Шілде айында бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болмақ.
Әйелдерге
Олар 2012 жылы қозғалыс үстінде болады. Қолға алған кез келген істі табысты тындыруға тырысады.
Өзіңіздің ішкі сезімталдығыңызға сеніңіз. Айдаһар жылы сіз үшін өзгерістер мен қызықтарға толы болмақ. Сізді билейтін ғаламшар — Юпитер. Жылдың соңына қарай бет әлпетіңіз бен стиліңіздің, мінез-құлқыңыздың өзгергенін байқайсыз. Айналадағы жандардың тарапынан қолдау көрсетіледі. Ашық-жарқын, әділ болуға тырысыңыз. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз өзгеруі мүмкін. Енді сіз оның кем тұстарын да байқап, сарапқа салып отырасыз. Сіздер құрған махаббат одағы бұл жылы одан әрі күшейе түспек. Кейбір істерде асығыс шешім қабылдамаңыз. Мансап жолымен ілгерілеу тек қана өзіне сенімді мергендерде болады. Сондықтан, күмән туралы ойламаңыз.
23 қараша мен 30 қараша аралығында туылғандар
Ақпан айынан бастап тамыз айына дейінгі аралық өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс енгізуге қолайлы болмақ. Кез келген жауапкершілік артылған міндеттерді орындауда әділдік көрсетуге талпыныңыз. Барлық уақытта өз пікіріңізді дұрыс деп тану — қателік. Айдаһар жылы ойда құрылған жаңа жоспарлардың орындалуына әрекет етуге қолайлы жыл. Сондықтан, бір орында тұрмай, құрған жоспарларыңыздың жүзеге асуын міндет санап, тынбай еңбек етіңіз.
1 желтоқсан мен 10 желтоқсан аралығында туылғандар
Қыста гардеробыңызды толықтай жаңартуға ден қойыңыз. Тамыз айынан бастап, жылдың соңына дейін тұрмыстағы жағдайларға мән беріңіз. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынастың өрбуі сіздің қолыңызда тұр. Алайда, тұрмыстағы әйелдер үшін отбасында бірінші болуға ұмтылыстың соңы жақсылықпен аяқталмайды. Күйеуіңізді басынбауға тырысыңыз. Дегенмен, көпшілік ортада сіздердің жұптарыңыз үйлесім тапқан, бақытты жұп болып көрінеді. Бұл пікірді жоққа шығармау үшін, сізден талап етілетіні — мейірімділік.
11 желтоқсан мен 21 желтоқсан аралығында туылғандар
Жаңа іс бастау үшін және оны табысты жүзеге асыру үшін жаңа достар керек. Сондықтан, қарым-қатынас шеңберін ұлғайтқаныңыз дұрыс. Уақыт тапшы болып жатса да, балаларыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Олардың тәрбиесіне жауапты — өзіңізсіз!
Еркектерге
Отбасылы азаматтар қызмет пен отбасы байланысында туындайтын қиындықтарға тап болуы мүмкін. Таңдаудың уақыты келген сияқты.
Жылдың бірінші жартысында уақыт пен назарыңызды түгелдей қызметке аударасыз. Өйткені, мансап жолында жаңа мүмкіндіктердің шеті көрінгелі тұр. Дегенмен, отбасылы екеніңізді ұмытпаңыз. Денсаулығыңызға да ұқыпты қараңыз. Спорт пен қанған ұйқы серпін сыйлайды. Басы бос мергендер үшін махаббат құруға қолайлы кезең жылдың екінші жартысы болмақ.
23 қараша мен 30 қараша аралығында туылғандар
Уран мен Плутон ғаламшарлары сізге ықпал етеді. 2012 жылы тұрмыс ауыртпалықтарына жиі ұрынғаныңызбен, махаббатта жолыңыз болады. Соның әсерінен өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Сүйіктіңіз қиын сәтте қасыңыздан табылып, жаныңызға жалау болмақ.
1 желтоқсан мен 10 желтоқсан аралығында туылғандар
Қыс айлары жақсылықтарымен қуантпайды. Бірақ, қиындықтарды жеңу өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Шешім қабылдамас бұрын, жақын жандарыңыздың жәрдемі мен кеңесіне сүйеніңіз. Махаббаттағы тұрақтылық жаз айларына дейін жалғасады.
11 желтоқсан мен 21 желтоқсан аралығында туылғандар
2012 жылы өзіңізді басқа салада көрсетуге мүмкіндіктер туып тұр. Қорқыныш сезіміне жол бермеңіз. Сізді қолдайтын кісілер қашан да жаныңыздан табылады. Басы бос мергендер, өз жартысын іздеуге қазан айынан бастап кіріссе болады.
Жалпы болжам: Өмірге өзгеріс әкелетін жыл
Жылдың бірінші жартысын толықтай денсаулығыңызды қалыпқа келтіруге арнаңыз. Сіздің бақытты жүзіңіз айналаңызда жүрген жақын жандарға да бақыт сыйлайтынын ұмытпаңыз. Әркез күліп жүруге тырысыңыз. Жылдың екінші жартысында, көптен бері ойлап жүрген армандарыңызға қол жеткізуге мол мүмкіндіктер туады.
Махаббат
Әсерлердің алмасуы
Айдаһар жылы романтикаға толы жыл болмақ. Тек наурыз-мамыр айларында аз-кем түсініспеушіліктерден кикілжің орын алуы мүмкін. Бірқалыпты өмір сізді жалықтырып жібереді. Өзгеріс енгізу тек сіздің қолыңызда. Махаббатта жеңілтектік танытқаныңыз жөн емес. Басы бос ханшайымдар шілде-тамыз айларында өзіне сенімді, қуатты ер азаматтармен танысулары мүмкін. Дегенмен, көрінген кісіге үлкен сенім арта берудің қажеті жоқ. Өтпелі сезімдердің болып тұратыны анық. Жылдың соңына қарай жүрегіңізді жаулайтын нағыз сері жаныңыздан табылмақ. Тағдырыңыздың бұрылыстары сіздің шешіміңізбен болады. Ойланыңыз!
Отбасы
Балалар — басты байлығыңыз
Жыл басталысымен, өзіңізді толықтай үй тірлігіне арнағыңыз келеді. Уақыттың көп бөлігін отбасыңызбен бірге өткізесіз. Қоныс аударуды жоспарлаған мергендер үшін сәуір-мамыр айлары жайлы. Бала мәселесіне бас қатыратын кезеңдер көп болмақ. Отбасы қажеттіліктері үшін қаржы да біраз Балаларыңыздың отбасындағы тәрбиесіне үлкен мән беріңіз. Оларға тек ана ретінде қарамай, дос та бола біліңіз.
Достық
Кешірімді бола біліңіз
Қаңтар айынан бастап, барлық ескі достарыңызбен қайта табысасыз. Жылы жүздесулердің де қатары көп. Жаңа достар табуға да ұмтылыс керек. “ 100 теңгем болғанша, жүз досым болсын” деген сөз ұраныңызға айналуы тиіс. Жақын құрбыларыңызбен түсініспеушіліктердің болуы ғажап емес. Бірақ тез ұмытып, кешірімді болуға тырысыңыз. Қиын-қыстау кезеңде қасыңыздан табылатыны — тек жан жолдастар. Дағдыланған, көңілсіз жұмыс күндеріңіздің сәнін, достарыңызбен бірге өткізген кештер ғана келтіре алады.
Денсаулық
Демалыс керек
Сіздің сырқаттарыңызға бір ғана себеп бар. Ол — дамылсыз еңбек. Денсаулығыңызға нұқсан келтірмес үшін, қабылдайтын асыңыздың құрамына, мезгілімен ұйықтауға да көбірек мән беріңіз. Бірінші жартыжылдықта тәтті тағамдарға құмарта бермегеніңіз абзал. Сондай-ақ, газды сулар мен майлы тағамдар сіздің сыртқы келбетіңізге нұқсан келтіреді. Тамыз айының соңы мен қазан айына дейін ұзақ мерзімді демалыс алуға қолайлы. Сондықтан, қызметіңізден үзіліс алып, тынығып алыңыз.
Қызмет пен қаржы
Армандар орындалады
Есте сақтаңыз, бұл жылы табыс көзі сіздің маңдай теріңізден болмақ. Сондықтан, көп еңбектенуге тура келеді. Марс ғаламшарының әсерінен қызмет жолында өсу болады. Бастысы, берілген тапсырмалар немесе құрылған жоспарды толықтай орындауға ұмтылыңыз. Алып-қашпа әңгімелер мен ұсақ-түйек мәселелер үшін қанатыңызды қайыстырмаңыз. Басшылыққа жел сөздерден гөрі, тындырылған істердің нәтижесі маңыздырақ. Лауазымыңыздың өсуі көктем мезгіліне сйа келеді. Қаржы мәселесі бұл жылы көп толғандырмайды. Қаражаттың көп бөлігін біліміңізді жетілдіруге арнасаңыз, қызметтегі табыстар қуанта бермек.