- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2012
- 2012 жылға арналған...
2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Егіздер
Бірінші жартыжылдықта өзіңізге есеп бересіз. Өткен жылы бітпей қалған істеріңізді аяғына дейін орындауға зор мүмкіндік бар. Келесі жартыжалдыққа жаңа жоспарлар құру үшін, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Уақыт сізге бағынбайды.
Қыс
Уақыттың жылдам көшіне ілесе алмай, сәтсіздіктер мен шала істерге тап болуыңыз мүмкін. Қам жемеңіз. Ашуыңызды жақын жандарыңыздан алмаңыз. Қызметте тапсырмалардың көбеюіне қарамастан, табыстарға кенелесіз. Икеміңізді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге тырысқаныңыз дұрыс.
Көктем
Құжаттар рәсімдеуге қолайлы кезең. Жер немесе пәтер сатып алуды жоспарлаған егіздер наурыз айында іске көшсе болады. Мамыр айында жалғызбасты егіздердің жеке өмірінде өзгерістер орын алады. Сауықтыру орындарындағы демалыс көтеріңкі көңіл-күй мен қоса қосымша қуат сыйлайды.
Жаз
2012 жылдың жазы сіз үшін гүлдену мен көркеюдің мезгілі болмақ. Қызметтік өміріңіздегі жаңа бастамалар оң нәтижесін береді. Достарыңызбен ара-қатынас біршама жақсара түспек. Олар қуаныш пен қайғыда да жаныңыздан табылады.
Күз
Жалқаулыққа жол бермеңіз. Өйткені, қызметте жаңа жетістіктер күтіп тұр. Уақыт тапшылығы болып жатса, жазбаша күн тәртібін құрып алыңыз. Денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз. Аяқ астынан дертке тап болуыңыз ықтимал.
Әйелдер
Өмірлік сыңарын тапқан егіздер сүйіктілеріне мейірімін аямай төгеді. Шығармашылықпен айналысып жүрген егіздер айдаһар жылында атаққа ие болуы мүмкін.
Егіз әйелдер өте сезімтал болып келеді. Жаңа бастамаларды қолға аларда ішкі жан дүниеңізбен ақылдасыңыз. Еңбекқор егіздер үшін қызметтегі кез келген есік айқара ашылады. Маңызды істерді қолға аларда өз күшіңізбен салыстырыңыз. Қолыңыздан келмейтін шаруадан бас тартқаныңыз абзал. Мансап жолында биікке жетуді мақсат еткен болсаңыз, сәттілік сіздің жағыңызда. Бұл мақсат жылдың соңына таман жүзеге аспақ. Дос-жарандарыңыз бен бауырларыңызды назарыңыздан тыс қалдырмаңыз.
21 мамыр мен 31 мамыр аралығында туылғандар үшін
Наурыз айынан бастап тамызға дейін бауырларыңызбен берік қарым-қатынас орнатқаныңыз абзал. Туған-туыстарыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса біліңіз. Мойыныңызға артылатын жүктің салмағы тек өзіңізге байланысты болмақ. Уәдеге берік болу керек.
1 маусым мен 11 маусым
Сүйіктіңізге көңіл бөліңіз. Бірге өткізген уақыт махаббаттарыңызды кірлетпей, бақытты болуға септігін тигізеді. Жылдың бірінші жартысында жұмысбастылығыңыздан келіп кетер пайда болмайды. Сондықтан, өзіңізді жолдасыңыз бен балаларыңызға арнаңыз. Күз айларында қуанышты хабарлар тосып тұр.
12 маусым мен 21 маусым аралығында туылғандар үшін
Жылдың басым бөлігі отбасындағы даулы мәселелерді шешумен өтпек. Туысқандарыңызбен ара қатынасты үзбеуге тырысыңыз. Жаз айларында уақытыңызды дене шынықтыру мен демалысқа арнаңыз. Бұл бойыңызға қуат береді. Қазан мен қараша айларында қызу жұмыс науқаны басталады. Жылдың соңы шығармашылық табыстарымен қуантпақ.
Ер адамдар
Айдаһар жылында олар барлық іске бірден кіріседі. Жаңа қызмет, үй салу тіпті бала тәрбиесіне де түгел уақыт табады.
Бірінші жартыжылдықты отбасыңызға арнайсыз. Үйдің жөндеу жұмыстары, жиһаз сатып алу, үй салу жоспарлары жүзеге асады. Топтық жұмыста еңбек ететін егіздер үшін наурыз айы табысты болмақ. Қыркүйек айында бөгде кісілермен келіссөз жүргізуде сақтанған жөн. Қызметтегі табыстар жаздың ортасына сай келеді. Тамыз айының соңы демалысқа аттануға қолайлы.
21 мамыр мен 31 мамыр аралығында туылғандар
Көктемге қарай ұзаққа созылған істерді тәмамдайсыз. Қызметтестермен болған кикілжіңдердің орнын толтыру үшін, ұжымдық көңіл-көтеру кештерінен қалмаңыз. Мамыр айында табысы мол бастаманы қолға аласыз. Жаз айларында денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Бос уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.
1 маусым мен 11 маусым аралығында туылғандар үшін
Бастаған істі орта жолдан тастап кетуге болмайтынын есте ұстаңыз. Сенімділік болмаса, сырт көзге әлсіз болып көрінуіңіз мүмкін. Ақпан-наурыз айларында шаршау сезіледі. Уақытылы тамақтанып, ұйқыңызды қандырып жүргеніңіз абзал. Жұлдызды сағатыңыз қараша мен желтоқсан айларына сәйкес келеді.
12 маусым мен 21 маусым аралығында туылғандар
Жылдың бірінші жартысы сіз үшін өте сәтті болмақ. Қызметте салмақтылық танытыңыз. Наурыз-сәуір айларында интеллектуалдық белсенділігіңіз артып, басқа қырыңыздан таныласыз. Жанұяда өткен-кеткен реніштеріңіз басылып, жақын туыстарыңызбен қайта татуласасыз.
Жалпы болжам: Армандарыңыз орындалады
Айдаһар жыл Егіздерге жақсылықтарын аямайды. Алған бағытыңыздан таймай, тура жүріңіз. Өміріңіздің барлық саласында толағай табыстар күтіп тұр.
Махаббат
Өзгеріске дйаын болыңыз
Наурыз айында құпия кездесіп жүрген ғашықтардың сыры көпке мәлім болады. Немесе қарсы топпен түсініксіз достығыңыз ыстық сезімге ұласуы мүмкін. Не болса да, көктем мезгілінде жеке өміріңізде болатын өзгерістерге дайын болыңыз. Алып-қашпа әңгімелерге мән бермеңіз. Отбасылы егіздер үшін жылдың бірінші жартысы бірқалыпты болады. Жалғызбасты егіздер қаңтар айында жаңа сезім немесе жауапсыз махаббатқа тап болуы мүмкін. Бірақ, күйзеліске түсуге болмайды. Жылдың күз мезгіліне қарай өміріңізде жүрегіңізді жаулайтын жан пайда болуы ықтимал. Неке қидыру уақытын 14 қаңтар мен 9 наурыз немесе 5 маусым мен 11 қараша аралығына белгілесеңіз, көтерген шаңырақ биік болады.
Отбасы
Туыстарыңызға жақын болыңыз
Үйдегі қарбалас шаруалар уақытыңыз бен жігеріңізді алуы мүмкін. “Әйелдің қырық жаны бар” — деген. Төзімділік танытыңыз. Наурыз айында бәрі бір ретке келеді. Балаларыңыздың қысқы демалысын пайдаланып, отбасымен қала сыртына саяхатқа шығуға болады. 7 қазан мен 17 қараша аралығында ерлі зайыптылар арасында түсініспеушіліктер орын алады. Жолдасыңыздың пікірін жоққа шығармаңыз. Балаларыңызға үлгі боп, отбасы татулығын сақтап қалу үшін барыңызды салыңыз.
Достық
Жүз теңгең болғанша...
Жылдың басында достарыңыз сіздің көмегіңізге мұқтаж болады. Қарсылық білдірмеңіз. Себебі, қараша айында қаржыдан таршылық көруіңіз ғажап емес. Көмек достарыңыздың тарапынан сізге қайтып келеді. Ақпан айында жеке өміріңізде орын алатын қиындықтарда қол ұшын созады. Мәселен, жолдасыңызбен ренжісіп қалсаңыз, құрбыларыңыз татуластыруға барын салады. Маусым айында достарыңыз құптамаған істерді бастауға асықпаңыз. Күзде жаңа танысулар көбеймек.
Денсаулық
Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда
Жылдың басында шектен тыс қобалжулар мен жағымсыз эмоцияларға бой алдырасыз. Сондықтан, психикаңызға артық күш түсірмеуге тырысыңыз. Реті келіп жатса, психологтың қабылдауына жазылыңыз. Демалыс күндері табиғат аясында серуендеп, көңіл көтеру орындарына барып тұрғаныңыз бойыңызды сергітеді. Қазан айында толық медициналық тексеруден өткеніңіз абзал. Күн тәртібіңізді нақтылап, тиімді тағамдануға дағдыланыңыз. Ағзаңызға кальций дәрумені аса қажет. 12 қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін жұқпалы дерттен сақатну шараларын ұйымдастырғаныңыз абзал.
Қызмет пен қаражат
Сын түзелмей, мін түзелмейді
Жаз мезгілінде бауырларыңыз бен жолдасыңыздан ақшалай сыйлық алуыңыз мүмкін. Әмияныңыздағы қосымша қаражат көптен бері ойлап жүрген мақсатыңызды орындайды. Тамыз айында несиеге қаржы алмаңыз. Үлкен сомада қарыз беруге де болмайтынын ескеріңіз. Себебі, алдағы уақытта қызметте сыйақы немесе жалақы өсімі байқалмайды. Күз айларында көп еңбектеніңіз. Қызметте табысқа жету үшін басшылық қойған қатаң талаптарды бұлжытпай орындау керек. Қызметтің жеңіл түрі жоқ. Әріптестеріңізбен құр босқа дауласпаңыз. Олардың сын пікірлерін орынды қабылдаңыз. Мүмкін, жоспарыңызды қайта қарап шығуыңыз қажет шығар. Жылдың соңында қызметте марапаттауға ие боласыз.
А. Байжан