- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2012
- 2012 жылға арналған...
2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Арыстан
Бұл жылы сіздің айналаңызда тек сенімді адамдар қалуы керек. Материалдық жағдай тұрақтылығы, тек еңбексүйгіш арыстандарда ғана болады. Жылдың екінші жартысында күтпеген сәттіліктер тосып тұр.
Қыс
Қаһарлы болғанымен, суық қыстың әр күні жайдары оқиғаларымен сізге ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады. Қызметте алауыздықтар мен шиеленістерді бір жаққа шығарғаныңыз дұрыс. Өміріңізде орын алған кей жағдайларға байланысты ашуланшақ болып кеткеніңізбен, елгезектігіңіз тығырықтан шығаратын болады.
Көктем
Қызметте өсуге сенімді болыңыз. Сіз бұған лайықтысыз. Қызметіңізде төккен маңдай теріңіздің арқасында зор мүмкіндіктерге ие боласыз. Тұрмысыңызда кейбір жайттарға өзгеріс енгізіңіз. Мысалы, техникалық жабдықтарды ауыстырудың өзі көңіліңізді марқайтады.
Жаз
Сіз үшін жеке өмірде де, қызметте де жаңа есіктер ашылады. Таныс-тамырларыңыздың қатарын көбейтуге тырысып баққаныңыз дұрыс. Олар сізді жақсы қырыңыздан танып, қиын-қыстау күндері көмек көрсетуге дайын болады.
Күз
Уақытыңыздың көп бөлігін отбасыңызға арнаңыз. Туыстарыңызбен бірге өткізген сәттер жаныңызға жылулық сыйлайды. Іштей күдіктенген қорқыныштар өз бетімен сейіледі.Бастысы, сенімділік керек!
Әйелдерге
2012 жылы олар романтиканың жетегінде кетуі мүмкін. Басты қағида — таңдаған жартысы көңілінен шығатын, сеніміне ие болғаны дұрыс.
Айдаһар жылы сіз сүйген жаныңызға ерекше сенім артатын боласыз. Бұл жүрегіңізге жылулық орнатқанымен, кей жағдайларда күдік тудыруы мүмкін. Сондықтан, әділ көзқараста болыңыз. Сүйіктіңіздің жақсы жақтарымен қоса, кем тұстарын да ескеріңіз. Күз айларын бала тәрбиесіне арнау қажет. Өзіңіз де кейінгі ұрпақтан оптимист болуға үйреніп көріңіз. Бұл сіздің өміріңізге көмегін тигізеді. Алға қойған мақсаттарыңыздың айқын болуына мән беріңіз. Олар бір-екі жыл ішінде іске асатындай болсын. Әйтпесе, орындалмаған мақсаттардан өзіңізді азғыруыңыз мүмкін. Қызметтегі ептілігіңіз бен шабытыңыздың арқасында материалдық жағдайыңызды әжептәуір көтеруге зор мүмкіншілік бар. Көктем айларында қаржыдан аздап ауыртпалық сезінесіз, дегенмен, бұл қиындықтар сізге жаңа шабыт пен ықылас береді. Екінші жартыжылдықта болмашы жағдайларға қиналып, таусыла бермеңіз. Жүйке жүйеңізді сақтағаныңыз дұрыс. Сапарға аттанатын болсаңыз, алдын ала жақсылап дайындалыңыз.
23 шілде мен 1 тамыз аралығында туылғандар
Сіздің мақсатыңыз — тек қана рухани ләззат сыйлайтын емес, материалдық жағдайыңызды түзейтін қызмет табу. Достарыңыздың қатары көбейген сайын, жаңа мүмкіншіліктер тізімі де үлкейеді. Наурыз айында ата-анаңызғаерекше сабырлы болыңыз. Бұл айда сіз шектен тыс ашуланшақ болуыңыз мүмкін. Мамыр айынан бастап өміріңізде болатын өзгерістерге дайын болыңыз.
2 тамыз бен 12 тамыз аралығында туылғандар
Балалы әйелдер жылдың басында уақытының көп бөлігінұрпақ тәрбиесіне арнағаны абзал. Сәуір айында өз мүмкіндіктеріңізді таразылап барып, іске кірісіңіз. Сертіңізге сенімсіз болсаңыз, уәде беруден бас тартқаныңыз жөн. Көктем айларында әріптес, басшыларыңызбен арадағы қарым-қатынасыңызғасызат түсірмеуге тырысыңыз.
13 тамыз бен 23 тамыз аралығында туылғандар
Өз көзқарасыңызды өзгертпей, алған бетіңізден қайтпауыңыз — дұрыс шешім. Мақсаты мен міндетін айқын білген жандар кез келгеннің құрметіне бөленері хақ. Жаз мезгіліне қарай көре алмаушылардың алып қашпа әңгімелеріне қалуыңыз мүмкін. Мән бермеңіз! Сондай-ақ, бұл мезгіл сіз үшін жаңа саяхаттар мен жаңа таныстықтарға толы болмақ.
Ер адамдарға
Арыстан-жігіттер бұл жылы отбасындағы жандарға қамқор болып, ал қызметтестеріне үстемшіл болып көрінеді.
Жылдың алғашқы жартысында жақындарыңыз бен бауырларыңыздың қолдауына зәру боласыз. Көптің ішінен алға суырылуға ұмтылысыңыз жақсы нәтижелерін береді. Армандарыңыздың орындалуына ден қойған болсаңыз, оларды мүмкіндіктеріңізбен салыстырып көргеніңіз абзал. Ұжымдық бірлескен істерде көріну үшін, алға айқын мақсат қоюға ұмтылыңыз. Жылдың соңына қарай психолог мамандардыңкөмегіне жүгінсеңіз, мазалап жүрген мәселелерге оңтайлы шешім қабылдайсыз.
23 шілде мен 1 тамыз аралығында туылғандар
2012 жылы алдыңызға ғаламдық немесе тым алысқа жол сілтейтін мақсаттарды қоймаңыз. Олар сіздің шынайы мүмкіншіліктеріңізбен ұштасуы тиіс. Әрбір жүзеге асқан мақсаттан жаныңызға аз да болса қуат аласыз. Демалыс жағын естен шығармаңыз.
2 тамыз бен 12 тамыз аралығында туылғандар
Қаңтар мен ақпан айларында иықты кеңге салып, жайбарақат күндерді бастан кешуге болады. Бұл - сіздің тындырған көп жұмыстарыңыздың жемісі. Жылдың бірінші жартысында демалудың сәті де түседі. Жаз айларында, бойыңыздан қуат тасып, әр істі ерекше шабытпен орындайсыз.
13 тамыз бен 23 тамыз аралығында туылғандар
Жылдың бірінші жартыжылдығында сізді көптеген кездесулер мен келіссөздер, іс-сапарлар мен саяхаттар күтіп тұр. Журналистика, көлік, сауда және орта бизнес саласында қызмет ететін арыстандарға сәттілік күліп қарайды.
Жалпы болжам: достарыңыздың ақылына құлақ асыңыз
Тек талапты жәнебелсенді арыстандар ғана жеңіске жетеді. Таланттылығыңызға күмәніңіз болмасын. Ойға келген идеялар мен ұсыныстарыңызды ортаға салудан қорықпаңыз.
Махаббат
Жылулық танытыңыз
Қаңтар мен сәуір аралығындажүрегіңізді жаулап алатын адамды кездестіруіңіз мүмкін. Алайда, жүрегіңізді жаулаған жанды асыра дәріптеудің қажеті жоқ. Оның артық тұстарымен қоса, кемшіліктерін де қабылдауға тырысыңыз. Үйленуді жоспарлап жүрген жандар үшін қаңтар айының басымен10маусым аралығы қолайлы мезгіл болмақ. Екінші жартыжылдықта ескі танысыңыз сезім білдіруі мүмкін. Одан келіп-кетер ешқандай пайда болмайды. Сондықтан, оған мән бермегеніңіз дұрыс. 2012 жылы көңіліңізден шығатын жанды кездестуге мол мүмкіншілігіңі бар.Тағдырыңызөз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Дұрыс таңдау жасаңыз!
Отбасы
Бауырмал болыңыз
Жұбайыңызбен қарым-қатынаста келісім мен бірлік болу үшін, сізге бірнеше талаптар қойылады. Өз пікіріңізде ғана қалмай, жарыңыздың да ойына құлақ асыңыз. Ортақ мәселелерді талқылауда сіздің пікіріңіз қаншалықты маңызды болса, оның да көзқарасысоншалықтықажет. Балаларыңыз да осы жылы жеңістерімен, жаңа қырларымен танылып, сізді қуантады. Жылдың соңына қарай отбасылық бюджеттегі қаражат көбейе түспек. Үйдің жөндеу жұмыстарына қазан айы ыңғайлы.
Достық
Жаныңызға жақын жандарды іздеңіз
Айналаңыздағы жандардың сенімді, істері мен сөздеріне берік екеніне сенімді болыңыз. Олардан мейіріміңіз бен жылулығыңызды аямаңыз. Жауапсыз қалмайды. 3 сәуірден бастап, достарыңыздың қатары көбейеді. Көптеген көңілді кездесулердің куәсі боласыз. Достарыңыздың тарапынан қызметте үлкен қолдау болады. Олар сіздің бойыңыздан талантты байқап, сіздің пайдаңызға шешілетін ұсыныстарды білдіруі мүмкін. Қыркүйек айында жақын достарыңыздың бірі ірі сомада қаржылай көмек сұрағалы тұр. Алайда, қайтарып беретініне сенімді болмай, тәуекелге бармаңыз. 12 қыркүйектен бастап, достарыңыздан келетін кеңестерге сене бермеңіз. Олардың арасында арам ниеттілері де табылады.
Денсаулық
Күш қуатты дәрумендерден алыңыз
Әсіресе қыстыгүні ауа райына сай киініп, ұйқыңызды қандырып жүріңіз. Ағзаңыз кез келген қоздырушы вирустарды жұқтырып алуы мүмкін. Ал көктемде ұзақ уақыт ағзаны қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысыңыз. Денсаулыққа келгенде, селқостық танытпаңыз. Керісінше, бұрын-соңды өтпеген емдік процедураларына барғаныңыз дұрыс. Қаңтар, наурыз және шілде айларында жұмысқа шексіз ынтаңыз денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Ән тыңдаңыз, таза ауада серуендеп, қозғалыстарды көбейтіңіз. Денсаулыққа оң әсері тиеді. Қарашаның басы мен желтоқсан айының соңына қарай фаст-фуд тағамдарына әуестенбеңіз.
Қызмет пен қаржы
Жарқын болашағыңыз үшін қызмет етіңіз
Қызметтегі табыстар мен оңтайлы шешімдердің сәтті кезі жылдың бірінші жартысына келеді. Бұл уақытта сіз мансабыңызға қатысты бірталай жоспарларыңыз бен мақсаттарыңызды іске асыра аласыз. Жеке кәсіпті қолға алу туралы жоспарыңыз болса, тәжірибесі мол адамдардың кеңестеріне сүйеніңіз. 14қаңтардан 7ақпанға дейін, сонымен қатар, 14 ақпаннан 1 наурызға дейінгі аралық — сақтандыру, банк құжаттарын рәсімдеу, несие алуға қолайлы уақыт. Күз мезгілінде қаржыда қиналып қалуыңыз мүмкін. Дегенмен, елгезектігіңізбен бұл мәселені жеңуге болады. Күз айларының соңына таман, басшылар артқан сенімді ақтау үшін көп еңбек етесіз. Тек қана талантты қызметкер ретінде ғана емес, нағыз шебер екеніңізді дәлелдеңіз!
А. Байжан