Тышқан (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996). Қорқыныштан, күдіктен, мейірімсіздіктен арылыңыз. Қарым-қатынастарыңызға біршама романтика қосыңыз. Өміріңізге үлкен кіріс кіреді, бірақ оған үлкен жауапкершілік қажет.
Сиыр (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997). Қызметте жұмысыңыз өрге өрмелейді. Міндетті түрде салауатты өмір салтының қамын ойластырыңыз. Сіз бір адамнан махаббатты да, сонымен бірге достықты да табасыз, бірақ ол үшін күресу қажет.
Барыс (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998). Қуаныш пен ғашықтықты және өмірден алған ләззатты кейінге қалдырмаңыз. Әрбір минут пен мүмкіндіктен ләззат ала біліңіз. Жылдың екінші жартысында екпінді еңбек етудің уақытысы келеді.
Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999). Туған-туыс, үй және ғашықтық хикаялар бірінші орынға тұрады. Айтарлықтай өзгерістердің орын алуы да ықтимал: отбасыңызда тағы бір мүшеге артуы, тұрғын үй ауданы ұлғаюы немесе қоныс аудару. Балаларға қамқор болу, олардың дамуы көп ұзамай өз жемісін береді.
Ұлу (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000). Сіздің қаржылық сезіміңіз көлік, не болмаса жылжымайтын мүлік иемденуіңізді жылдамдатады. Жақындарыңыз бен туған-туыстарыңыз болған барлық түсініспеушіліктердің алдын алыңыз - ол сіздің өміріңізді жеңілдетеді.
Жылан (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001). Жұп болып сіз анағұрлым биік жетістіктерді бағындыра аласыз. Сізді көптеген тиімді мүмкіндіктер күтіп тұр, бірақ оларды жалғандығынан айыра білу қажет.
Жылқы (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Өзіңіз бен жеке қызығушылықтарыңызға қамқор болыңыз. Еңбек пен қамқорлықтан бөлек өмірден ләззат алуды да ұмыт қалдырмаңыз. Махаббаттың өз жүрегіңізден орын алуына ерік беріңіз, тағдыр сізге өз септігін тигізеді.
Қой (1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003). Сіздің сенімсіздігіңіз ішкі оптимизм мен өзін-өзі дұрыс бағалай білуді талап етеді. Егер отбасы мүшелеріне шамадан тыс талап қоймайтын болсаңыз, жанұя жағдайын жақсартқан боласыз.
Мешін (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004). Алғашқы жартыжылдықта интуиция даусы мен тағдыр қолғабысын қолданыңыз. Сіздің ортаңызда өзгерістер болады - артық адамдар екшеліп, құпияның сыры ашылады.
Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Көз алдыңызда өсіп-өнетін орта пайда болады. Араласатын ортаңызды кеңейтіңіз. Қолдауды тілектестеріңіз бен сүйіктілеріңізден іздеңіз.
Ит (1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006). Сіз өз қорқыныштарыңыздың барлығын жеңіп одан да күштірек боласыз. Саяхат пен әуестік өзіңізді қалыптастырып, жаңа деңгейге шығуға көмектеседі.
Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007). Шығармашылығыңыз немесе зеректігіңіз сізді байыта алады. Интуицияңыз табысқа кенелудің ерекше әдісін ойға салады. Достарыңызбен бірге сіз айтарлықтай үлкен нәрсеге жете аласыз.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: 1zoom.ru