- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- Мерген. 2014 жыл....
Мерген. 2014 жыл. Шығыс жұлдызнамасы
Тышқан (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996). Армандарыңызды нақтылап, қайтадан қарап шығыңыз. Өйткені келер жылы олар біртіндеп орындала бастайды. Жаңа адамдармен танысыңыз, көбірек пайдалы ақпарат жинауға тырысыңыз. Достарыңыз сізге көмек қолын аямайды.
Сиыр (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997). Жұмысыңызда төккен теріңіз босына кетпек емес, уақытында еленіп, марапатқа ие боласыз. Бұл жылы жұмыс жағынан сіздің жолыңыз әбден болады.
Барыс (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998). Отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Олар сіздің жылулығыңызды қатты зәру. Романтикалық қарым-қатынастың аяғы некемен бітуі мүмкін. Жылдың екінші жартысында сізді лауазымыңыздың жоғарылауы күтіп тұр.
Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999). Басқа үйге көшіп немесе тұрғын үй мәселеңіз оңтайлы шешілуі мүмкін. Біліміңізді толықтырыңыз, әлеуметтік сала және өзіңіздің жеке басыңызды үлкен оң өзгеріс күтіп тұр. Жыл сізге көптеген күтпеген сыйларын дайындап отыр.
Ұлу (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000). Сіздің талпынысыңыз текке кетпей, ол міндетті түрде марапатталады. Жаңа үйге кіріп немесе жаңа көлік мінуіңіз мүмкін. Достарыңыз сізге әрдайым қол ұшын созып, қолдарынан келгенді аямайды, сіз де олардың бұл жақсылығын уақытында елеп, ескеріп отырыңыз.
Жылан (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001). Көптеген адамдармен танысасыз. Серіктестікте үлкен жетістіктерге жетесіз. Отбасыңызда да тек қана қуанышты атмосфера орнайды.
Жылқы (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Өзіңіздің идеяларыңызды жүзеге асыру мен қардылық жағдайыңызды ретке келтіруде сізге ішкі түйсігіңіз көмекке келеді. Жақын адамдарыңыздан алшақтамауға тырысыңыз.
Қой (1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003). Көптен бері ойлап жүрген тың ойларыңыз жылдың ортасына қарай құр ойдан шынайы іске айнала бастайды. Денсаулығыңызды күтіңіз, дәрігерлік тексерістен өткеніңіз жөн болады. Ал жеке өміріңіз тамаша болмақ. Сол сәтті бағалай біліңіз. Сүйіктіңізге көбірек сыйлық жасауға тырысыңыз.
Мешін (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004). Жеке өміріңіз қарбаласқа толы, бірақ қуанышты болады. Отбасыңызда тыныштық орнап, қоғамдық белсенлігіңіз сізге шығармашылық шабыт сыйлайды.
Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Өзіңізбен айналысатын уақыт келіп жетті. Дәрігерлік тексерістен өтіңіз, біліміңізді шыңдаңыз, айналаңызға деген көзқарасыңызды мүлдем өзгертіңіз. Келер жыл сіз үшін кез-келген саяхат үшін қолайлы болғалы тұр.
Ит (1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006). Өміріңіздегі қарбаластарды барынша азайтуға тырысып көріңіз, тек қана ақылмен ойлап, жүрекпен сезген істеріңіз ғана сәтті шығып, қаржылық жағдайыңызды біраз жақсартып алудың сәті түсіп тұр. Сізді әрдайым таныстарыңыз бен сүйіктіңіз қолдап отырмақ.
Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007). Сіздің өміріңіз 180 градусқа өзгеріп сала беруі мүмкін. Сізді баянды махаббат, жаңа істеріңізде сәттілік және қызықты саяхаттар күтіп тұр. Үлкен мақсаттарыңызға көп күш жұмсамай, оңай жетесіз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: wedding.ua
Б. Қосмағамбет