Жыл соңы нағыз қорытынды жасауға арналған уақыт. Соңғы екі жылдың ішінде қандай шет елдік мультфильмдердің қазақ тіліне дыбысталғандығын есімізге түсіріп көрейікші. Олар: "Көліктер-2" - "Тачки-2", "Қара киімділер-3" - "Люди в черном-3", "Батыл журек" - "Храбрая сердцем", "Жаңа Өрмекші адам" - "Новый Человек-паук", "Монстрлар университетi" - "Университет монстров". Аталған фильмдер 2012-2013 жылдар аралығында көрсетілді. Естеріңізде болса, жаз айларында Бағанашыл ауданында орналасқан №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері «Монстрлар университеті» мультфильмін дыбыстауға қатысқан болатын. Мультфильмдегі құбыжықтардың ЖОО-ға алғаш келген сәттердегі дауыстары 10-11 жас аралығындағы 3 ұл мен 1 қызға тиесілі.
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Меломан компаниясы «Монстрлар университеті» мультфильмін дыбыстауға қатысқан бүлдіршіндерді құттықтап, әлемдік деңгейде танымал болып жүрген LEGO компаниясының конструкторларын, неміс компаниялары шығарған Stiga үстел хоккей ойыншығын, ал қыздарға Sylvanian Families компаниясы ұсынған ойыншықтарды сыйлады.
Мұнымен қатар, алдымыздағы 2014 жылы «Болашақ» қауымдастығы мен «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры және «MARWIN» компаниясы көпшілікке тағы да бір блокбастерді ұсынатындығын айтты.
Жастайынан жұлдызы жарқырап, кастингтерге қатысып жүрген балалар Меломан компаниясынан алған сыйлықтарына риза болып, қазақстандықтарға жүрекжарды тілектерін айтты:
Андреев Самат
- «Монстрлар университеті» мультфильмінде бас кейіпкер Майк Вазовскийді дыбыстадым. Кішкентайынан еліміздегі өзгерістерге араласып жүрген біз секілді балалар көп болып, еліміз барлығынан озсын. Мектепті өте жақсы деген бағаға бітіріп, бастысы жақсы адам болып ер жетсін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бүгінгі сыйлықтары үшін Меломан компаниясына үлкен рақмет айтамыз!
Андреева Самал
- Көптен бері киноға түсіп, болашақта актриса болуды армандаған едім, биыл осы арманыма бір табан жақындағандай болдым. «Монстрлар университеті» фильмінде кейіпкерлерді дыбыстауға қатыстым. Сол секілді осы жылы барша қазақстандықтардың армандарына жеткенін қалаймын. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сәрсенбиева Айдана
- Бүгін Меломан компаниясынан ойыншықтар алғаныма қуаныштымын. Әрбір қазақстандық балалардың осындай ойыншықтары болғаны қалаймын. Жаңа жылда жаңа табыстарға ие болыңыздар!
Жданов Георгийжан
- Денсаулық пен зор байлық тілеп, аспандарыңыз ашық болсын деймін. Барлық достарым қайда жүрсе де аман болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ефименько Аида
- Барлығымыздың да деніміз сау болып, болашақта үлкен азамат болып ер жетейік. Ең бастысы біз секілді кішкентай бүлдіршіндеріміз қаламызды, елімізді көркейте берсін!
Ғаббасов Елдар
- Баршаларыңызды алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтап, береке-бірлік тілеймін. Ең бастысы елбасымыздың ғұмыры ұзақ болсын. Жаңа жылдарыңыз жақсы өтсін!
Ефименько Диана
- Кастингтен өтіп, фильмде түрлі кейіпкерлерді дыбыстауға қатыстым. Ондағы басты кейіпкер Майк Вазовскийдің іс-әрекеттері қатты ұнады. Еліміздің әр баласы дәл Майк секілді еңбектеніп, мақсатына жетсе екен деймін. Денсаулықтарыңыз мықты болып, бақытты болыңыздар. Өмірлеріңіз ұзақ болсын. Жаңа жылда бір-бірлеріңізді сыйлықтармен қуанта беріңіздер!
Дайындаған және суретке түсірген: Қарлыға Бүйенбай