Қазақстандықтар келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай 1 қаңтардан 5 қаңтарға дейін 5 күн демалатын болады.
Премьер-министр Серік Ахметов 2013 жылдың 28 желтоқсан күніндегі демалысты 2014 жылдың 3 қаңтарына ауыстырды. Демек бес күндік жұмыс жасайтындар үшін 28 желтоқсан күні де (сенбі) жұмыс күні болып есептеледі. Есесіне қазақстандық қызметкерлер 1, 2 қаңтар және 3, (жұма), 4, 5 қаңтар күндері де демалатын болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: news.mail.ru