Жылқыны әлемде тұңғыш болып қолға үйреткен халқымыз үшін Қамбар ата тұқымынан асқан қасиетті мал жоқ. Арғымақ мінезді қазақтың жылқы жылын айрықша қастерлейтіні сондықтан. Бұл жылы не болса да оған қанағатпен, тәубе-сабырмен қараған. Қазақ тарихында жылқы жылы жаугершілік кезеңнің жетістіктерімен, экономикалық реформалармен, мәдениет саласының табыстарымен есте қалыпты. Назарларыңызға тұлпар таңбалы жылы болған оқиғалардың шежіресін ұсынамыз.
1570
Қазақ хандығы жоңғарлардың бір бөлігін өзіне бағынышты етті
1582
Қазақ еліне Тәуекел Шығайұлы хан болды
1594
Қазақ хандығының ең алғашқы ресми делегациясы Мәскеуге достық келісім жасауға барды
1702
Қазақтар Ертіс бойында жоңғарларға соққы берді
1714
Қазақ әскері жоңғарлардан ауыр жеңіліске ұшырады
Орыс патшасы Петр І Ертіс бойына әскери бекіністер тұрғызуды қолға алды
1726
Үш жүздің ханы мен би-сұлтандары Ордабасыда бас қосып, жауға қарсы әскери күш біріктіріп, стратегиялық шабуыл ұйымдастырды
1738
Орынборда қазақ сұлтандарының съезі өтті
Орта жүз ханы Сәмеке Тәукеұлы қайтыс болды
Әбілқайыр хан Ресей империясына қосылу жөнінде екінші рет ант берді
1750
Абылай бастаған қазақ жасақтары қалмақтарға соққы берді
1762
Абылай хан қазақ мүддесі үшін баласын Қытайға аманат етіп қалдыруға мәжбүр болды
1774
Емельян Пугачевтің ықпалымен Кіші жүз бен Орта жүзде жаппай толқулар болып, патша бекіністеріне шабуыл жасалды
1786
Нұралы Әбілқайырұлы тақты тастап, Орынборға қашып кетті, кейін Ресей патшайымы Екатерина ІІ оны биліктен біржола аластатты
Патша өкіметі қазақтардың Еділ-Жайық бойына қоныстануына рұқсат берді
1810
Қазақ жасақтары қарақалпақтарға шабуыл жасады
1822
Қазақ жерінде хандық билікті жоюды көздейтін «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қабылданды
1846
Ішкі Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес құрылды
Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы дүниеге келіп, батыр, ақын Махамбет Өтемісұлы қаза тапты
1858
Қазақтар Әулиеатада Қоқан езгісіне қарсы бас көтерді
Шоқан Уәлиханов ғылымда тұңғыш болып Қашғарияға сапар шекті
1870
Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Маңғыстау көтерілісі болды
Бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы заң қабылданып, елімізде миссионерлік ағарту жұмысы басталды
Түркі халықтары тіліндегі тұңғыш мерзімді басылым – Түркістан уәлаятының газеті жарық көрді
1894
Қазақ жерінде тұңғыш теміржол салынды
1906
Санкт‑Петербург пен Нижний Новгородта өткен Мұсылмандардың бүкілресейлік съезіне бір топ қазақ зиялысы қатысты
І Мемлекеттік Думаға Алпысбай Қалменов, Ахмет Бірімжанов пен Әлихан Бөкейханов сияқты зиялылар мүше болды
Семейде жұмысшылар ереуілі болды
1918
Қазақ елі азаматтық соғысты бастан кешіп жатты
Мұхтар Әуезов Семейде Жүсіпбек Аймауытовпен бірге «Абай» журналын шығарды
Орынбор, Петропавл және қазақ елінің басқа да қалаларын ақ гвардияшылар басып алды
Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедов Мәскеуде В.И.Ленинмен, И.В.Сталинмен кездесті
«Қазақ» және «Бірлік туы» газеттері жабылды
Омбыда өткен қазақ жастарының тұңғыш құрылтайында жастар ұйымдары «Жас азамат» қозғалысына бірікті
Жымпитыда Алашорданың батыс бөлімшесі – Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі құрылды
Омбыда Алаш партиясының бас кеңесі қазақ азаматтарын Алашорда үкіметін қолдауға шақырып, үндеу жолдады
Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы құрылды
Павлодар, Ырғыз, Торғай, Орал мен Жетісуда Кеңес өкіметі орнады
1930
Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы шаруашылықтар «бай-кулактар мүлкі» деген желеумен жойылды
Ашаршылық болып, 300 мыңнан астам адам қырылды
Кең ауқымды индустрияландыру, жалпыға бірдей білім беру, мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу үрдістері қолға алынды
Қазақ зиялыларын саяси көзқарасы үшін «халық жауы» ретінде тұтқындау жүргізілді
Түрксіб теміржолы мен тұңғыш әуе жолы ашылды
1942
Халқымыз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарын бастан кешті, Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды
Қазақстанда латын қарпі орнына кириллица енгізілді
Қазақтың тұңғыш эпопеясы – М.Әуезовтің «Абай» романы жарыққа шықты
Жезқазған кен орындарын зерттегені үшін Қаныш Сәтбаевқа Сталиндік сыйлық берілді
1954
«Хрущев жылымығы» кезінде тарихшы Ермұхан Бекмаханов ақталып шықты
Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталып, елімізге одақтас республикалардан еңбекшілер легі қоныс аударды, ондаған өнеркәсіп нысаны пайда болды
Степлаг абақтысында мыңдаған саяси тұтқын Кеңгір көтерілісі аталған бүлікті ұйымдастырды
Елімізде қазақ мектептерінің саны қысқартыла бастады
Жезқазған қаласы тұрғызылды
1966
Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін кеңейтуді көздеген экономикалық реформа басталып, кейін сәтсіздікке ұшырады
1978
Еліміздің кеңестік дәуірдегі соңғы Конституциясы қабылданды
КСРО-ның үздік әртістерінің алғашқы үштігіне қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Роза Рымбаева енді
1990
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды
Қазақ КСР-і Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды
Ел экономикасын нарықтық қатынастарға негіздейтін заңдар қабылданып, шет елдермен экономикалық шарттар жасалды
Алматыда «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалі жұмысын бастады
2002
Қазақстан футбол федерациясы Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына (UEFA) мүше болды
Алматыда Еуразиялық медиафорум дүниеге келді
Қазақстан мен Ресей басшылары Каспийдің солтүстік бөлігінде шекараны айқындау және теңіз түбіндегі көмірсутегі шикізатын пайдалану туралы тарихи құжаттарға қол қойды
Қазақстан Юрмалада өтетін жас орындаушылардың «Новая волна» халықаралық байқауына тұңғыш рет қатысты
ЮНЕСКО-ның қаулысымен Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды
Түркістанда дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті
Астанада қаланың басты нышаны – «Бәйтерек» монументі пайда болды
Астанаға БҰҰ-ның сол кездегі бас хатшысы Кофи Аннан жұмыс сапарымен келді
Үндістан астанасындағы орталық көшелердің біріне ұлы Абайдың есімі берілді
Жылнаманы түзген Болатбек Мұхтаров