Жаңажылдық дастарханда мерекелік торт ерекше орын алады. Жыл сайын бал тортын, бисквит тортын дайындап шаршасаңыз, биыл оңай, тез әзірленетін, көп қаражат пен құрамдас бөліктерді, ал бастысы пісіруді қажет етпейтін дәмді торт әзірлеп көріңіз.
Құрамы:
300 гр печенье; 400 гр қаймақ (майлылығы 20%-дан кем емес); 300 гр қоюлатылған сүт; 100 гр сары май; 10 гр желатин; 3/4 стақан қайнатылған суық су; Әзірлеуге қалауыңызша шоколад, тосап, жеміс-жидектер қосыңыз.
Пісіруге арналған пішінге пергамент қағазын төсеңіз.
Печеньені оқтау не блендер көмегімен ұнтақтаймыз.
Печенье ұнтағына микротолқынды пеште ерітілген майды қосып араластырыңыз.
Май қосылған ұнтақты пішінге салып, нығыздаймыз.
Желатинді сыртында көрсетілген нұсқау бойынша ерітеміз. Әдетте оны суда ерітіп, 10 минутқа қалдырады. Артынан шамалы жылытуға болады.
Қаймақ пен қоюлатылған сүтті қосамыз, ішіне желатин суын ақырын құйып, жақсылап араластырып отырамыз.
Қаймақты массаны пішінге құямыз.
Тортты қалауыңызша сәндеуге болады. Мен тосаптағы жемістерді қостым. Тіс шұқығыш көмегімен осындай әдемі сызықтар салуға болады.
Артынан шоколад ұнтағын себуге болады. Торт тоңазытқышта кем дегенде 2-3 сағат, ал дұрысы түні бойы тұруы керек.
Пісірмей әзірлеуге болатын жаңажылдық торт дайын.
Жаңажылдық дастархан: "Алтын таға" салаты
Ас үйде болған: Сания Аринова