- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- Жаңажылдық ертегі ...
Жаңажылдық ертегі
Егер ертегі өзіңізді өзгерте алмас деп ойласаңыз, қатты қателесесіз...
* * *
Алп-алп басқан адымдары атақты таулар мен далалық өңірлердің төбесінде естіліп жатты. Оларда тіл мен ұшуға қанат болды. Олар үлкен құдіреттің мекенінде ұзақ өмір сүріп келді...
Жылқыларға өшіккен зұлымдық күші күндердің бір күні үйір айғырларын бір-біріне айдап салды. Өшіккен жануарлардың бір-біріне тарпа бас салып, жұлысып шайнасқан сәттерінде тұяқ дүбірлері мен кісінеген дауыстарынан жер әлем тітіркеніп, тұрғындары дүрлігіп, ел-жұртта үрей жайлады. Қорыққандары жер астын паналап, қорықпағандары бір шайқасқа дайындалуға бет алды.
Содан бері жылдың жауын-шашынында олардың сестері мен қорқыныштары қалып қойған. Аспан әміршілері сол үрей мен сол сестен арылтуға жылдың жауын-шашынды мерзімі біткен уақытта бір мейрам жасауға бел буып көрді. Ол мейрам кейін келе "Жаңа жыл" атанып кетті.
Аспан әміршілері "Жаңа жыл" қарсаңында жылқыларға мынадай тапсырмалар береді: жылаған баланың тілегін орындау, жолы болмай жүрген жастарға махаббаттарын жолықтыру, ана тілегін жерде қалдырмау.
Жылқылар алғашқыда қатты күліп, қатты таңырқады. Адамзаттың ойға сыймас салт-дәстүрлері, танымдары шектен шыққан оспадарлық болып көрініп жүрді. Киіз үй жанында алғаш табынған сәттері де көз алдарында көлбеңдеп, біраз уақытқа естерінен кетпейтін.
Жылқы малы қанаты мен тілін ұзақ уақыт адамзаттан жасырып келумен болды. Жылқы көзіне үңіліп зер салып қарар болсаңыз, әлемнің ақиқат көрінісін көре алар едіңіз...
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: stihi.ru
Л. Лига