- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- Жаңажылдық SMS хаттар...
Жаңажылдық SMS хаттар
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1531-zhana_zhyl_tilek-sms.html
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1531-zhana_zhyl_tilek-sms.html
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1531-zhana_zhyl_tilek-sms.html
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1531-zhana_zhyl_tilek-sms.html
Міне, Жаңа жыл да табалдырыққа таяп қалды. Бұл жылқы жылының не сыйлары уақыт еншісінде. Жақсы сөз – жарым ырыс. Жаңа жылда жақсы тілектер айту сіз бен біздің парызымыз іспетті. Сіздердің назарларыңызға Жаңа жылдық SMS хаттар ұсынамыз.
Анаға:
- Анашым, әрбір Жаңа жыл келіп, жер беті қарға оранған сайын сіздің шашыңыз да сол ақ қардың түсімен бояла түседі. Бірақ сіз қартайдым деп қам жемеңіз. Сіздің шашыңыздың ағара бастауы – біздің, балаларыңның есейіп, сізге үлкен-үлкен қуаныш сыйлайтын шағының жақындай түскені. Сізді Жаңа жылыңызбен және біз сыйлар бақытқа жақындай түсуіңізбен құттықтаймын!
- Анашым, сізді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз үшін көңіліңіз ақ қардай таза, мінезіңіз ұлпа қардай жұмсақ. Қабағыңыздан қаңтардың суықтығын, ажарыңыздан ақпанның аязды кейпін көргім келмейді. Сіз маған бала кезде сағынышпен тосатын Аяз атадай қымбатсыз. Ешқашан ауырмаңызшы!
- Бір жыл да өтіп кетіпті. Енді Жаңа жылға, жаңа кезеңге аяқ басамыз. Анашым, мен есейіп кеткен секілдімін. Келер жылға мүлде басқа адам болып баратындаймын. Бәрі де сіздің арқаңыз! Ең алдымен жарық дүниеге алып келгеніңіз үшін рақмет! Әр Жаңа жыл сайын есейе түсіп, ақ сүтіңізді ақтар азамат (азаматша) болғым келеді. Жаңа жылыңызбен!
- Анашым, Жаңа жылыңызбен! Жүзіңізден шаттықтың нұры кетпесін. Ортамызда ақылшы, қамқор болып отыра беріңіз.
Әкеге:
- Әке, сіз мені "ақ бол, адал бол, азамат бол" деп тәрбиеледіңіз. Сіз айтқан ақыл-өсиет, сіз берген үлгі-өнегеге кір келтірмеу - арыма сын. Қазақы дәстүрде баланың әкеге деген сезімі, әкенің балаға деген көңілі ашық айтылмайды. Тек ісімен ғана дәлелденсе керек. Сондықтан да мен сізге бір ғана нәрсе айтамын: "Ауырмай арамызда аман жүріңізші...". Жаңа жылыңызбен!
- Әке, бүгінгі Жаңа жыл құтты болсын! Асқар таудай алып тұлғаңызбен арамызда аман-есен жүре беріңіз. Анаммен бірге бақытты, шаттықты ғұмыр кешіңіз.
- Әр бала өз әкесін пір тұтады. Сіз мен үшін, асқар тау, алып бәйтерексіз. Жаңа жылыңызбен, әке!
- Әке, Жаңа жылда сізге жақсылықтар мен ізгі тіліктерді арнаймын. Деніңізге саулық берсін. Қабағыңызға қаяу түспей, жүзіңіз жақсылықтың жаршысы болсын!
Достарға:
- Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа жылыңмен!
- Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені, адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!
- Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!
- Достығымыз ұзақ болсын! Қыстың қарлы күнінде де, жаның шуақты, көңілің көктемдей болсын.
- Бүгін саған 3 кісі барады. Тек ашуланба, мекенжайды мен бердім. Олар: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!
- Жылқы жылы айналаңдағы жандарға, маған да, саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!
- Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан бір сәтке кетпесін.
- Сені Жаңа 2014 жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!
- Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің,
Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің,
Шынарына өрле биік бақыттың,
Осы менің саған айтар тілегім!
- Құшағында тәтті үміттің,
Өтсін алтын күндерің,
Жаңа жылда жақсылықтың,
Шамшырағын үрлегін!
- Аман болсын отбасың,
Жамандықтан сақтасын.
Жаңа жылдың түнінде,
Бақыт ашсын қақпасын!
Сүйіктілерге:
- Аспаннан қайда қонарын білмей, қалбалақтап құлап жатқан әппақ қарды сенің кірпіктерің қағып алып, сәлден кейін ерітіп жіберіп жатыр. Сол бір қар түйіршіктері басқа жанның емес, дәл сенің кірпігіңе қонып, еріп жатқанына бақытты еді. Дәл мен сияқты бақытты болатын. Осылай әр бір қыс түсіп, Жаңа жыл келген сайын кірпігіңе қонған қарды да, мені де бақытқа бөлеп жүре бер, жаным!
- Қазір сағат 12-ні соғады. Мен ішімнен бірінші ата-анамның, бауырларымның саулығын, екінші екеуміздің бақытымызды тіледім. Жаңа жылыңмен, гүлім!
- Әппақ қар баяу ғана жауып тұр. Жерге түссе болды, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, Жаңа жылыңмен!
- Жаңа жылыңмен, жаным! Сен менің тірегімсің, жүрегімсің. Ертеңгі күнімнің шамшырағысың!
- Саған деген сезімім мәңгі жасыл шыршалардай, жарығым. Сезіміміз ақ қардай таза, пәк болсын. Жаңа жылыңмен!
- Қарша қызым, бүгін сені Аяз атаң Жаңа жылыңмен құттықтайды. Ол сені жанында мәңгі бірге жүргенін қалайды. Бүлдіршіндердің қуанышы, күлкісі, ықылас-пейілі, бәрі-бәрі - біздің өміріміздің бақыты.
- Осы Жаңа жылды сенімен бірге қарсы алғым келген. Орайы келмеді. Бірақ та жүрегіммен, көңіліммен сенің жаныңдамын! Әне, қарашы, тоқтауды білмес сағат тілі 12-ден асып барады. Ол - менің саған асыққаным. Сені көргім келеді. Құшағыма құшып тұрып Жаңа жылыңмен құттықтағым келеді...
- Ашық аспан астында жапалақтап қар жауып тұр. Әппақ қар сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, жаным!
- Тіпті, саған не тілерімді білмей отырмын. Барлық өкпе-реніштеріміз өткен жылдың еншісінде қалсыншы. Жаңа жылды таза көңілмен, сеніммен аттайық. Мен сені жан-тәніммен жақсы көремін, жаным! Осыны ұмытпашы...
- Оранып әппақ қарға дала бүгін,
Сілкілеп тастағандай сана мұңын.
Тіл қаттым телефонның ар жағынан:
Қымбаттым, құтты болсын Жаңа жылың!
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: vk.com
Ш. Талап