Жаңа жыл мерекесінен кейін оқушылар да, жұмысшылар да демалыс алатынын бәріміз білеміз. Бұл дегеніңіз өз қалауыңыздағы істермен айналысудың таптырмас уақыты. Уақытты бос өткізгенше біз ұсынған кереметтей ойларды жүзеге асыруға асығыңыз!
→ Кинотеатрға, таным мен көкжиекті кеңейтетін фильмдерге бару. Жаңа жылдық фильмдерді көріп шығуға кеңес береміз...
→ Нәзік жандылар қатарында болсаңыз өз-өзіңізді ретке келтірудің уақыты, жаңа жылда жаңа стиль жасауыңызға болады. Мәселен сұлулық салондарына жазылып, түрлене түссеңіз көңіл-күйіңізді көтересіз.
→ Жеке гардеробыңызға «тексеріс» жүргізуге болады. Екі жылдан астам уақыт киген киімдеріңізді тастап я хенд мейд жасап алсаңыз да болады. Жаңа киім алып, киім сөреңізді жылы киіммен толтырып қоюдың таптырмас мүмкіндігі.
→ Қалада тұрсаңыз отбасыңызбен немесе достарыңызбен аквапаркке барып үлкен-үлкен биіктіктен суға секіріп, бір жайланып демалсаңыз артық етпейді.
→ Егер ойнамаған болсаңыз тұңғыш рет бильярд, боулинг, теннис ойнау – жаңа көңіл-күй сыйлайды.
→ Егер үйден шыққыңыз келмесе кітап сөреңіздегі қызықты кітаптарды тауысып, автордың жаңа бір әлеміне еніп кетіңіз.
→ Ескі достарыңызбен көрісіп, көңіл көтеруге мүмкіндік бар.
→ Аулаңызда қар жатса, үлкен аққала салуға да болады. Бұл үшін ниетіңіз болса болғаны. Қуанышты сәттер осыдан басталатынын ескеріңіз. Өтіп кеткен балалық шағыңызға саяхат жасап көріңіз.
→ Тайлық массаждың басқа да түрлеріне жазылып көріңіз. Денсаулығыңызды ойласаңыз өзіңізге пайдасы тиеді.
→ Түрлі курстар арқылы өзіңізге ұнаған бір іспен айналысуды үйреніңіз. Мәселен: тағам түрлерін дайындау, қолөнермен айналысу, мақала жазу...
→ Ағылшын тілін үйренгеніңіз де пайдалы іс.
→ Жаңа жылдан бастап күнделік жазыңыз. Өміріңіздің қызықты сәттерін соған түсіріп отырсаңыз, жыл соңында өз-өзіңізге есеп беріп, болашақты нақтылай бағдарлай аласыз.
→ Жаңа жылға байланысты көптеген көрмелер өтуде. Интернет желісінен олардың тізімін тауып алсаңыз болғаны...
→ Өз ауылңызда немесе қалаңызда жаяу саяхат жасаңыз. Жалғыз болмасаңыз тіпті де керемет.
→ Қысқы спорт түрлерімен айналысып көріңіз.
→ Белгілі интернет форумы немеме блог-тұғырға тіркеліп, сонда танысқан адамдармен офлайнда кездесу.
→ Би немесе ән курстарына жазылып, өнер шыңдау.
→ Сүйіктіңізбен немесе отбасыңызбен бірге фотосессия жасап, альбом жасақтауға қыс мезгілі керемет көмектесе алады.
Бұл тізімді қалағаныңызға қиялға байланыстырып, жалғастыра беруге болады. Қайтсе де, үйде теледидар алдында ішіңіз пысып отыра бергенше, өміріңізді өз қолыңызбен қызықты етсеңіз болады. Көңіл-күй тілейміз!