- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- Жаңа жылда қызыңызға...
Жаңа жылда қызыңызға қолдан сыйлық жасаңыз
Жігіттер қауымы Жаңа жыл мерекесінің алдында «Сүйіктіме не сыйлаймын?» деп дүрбелеңге салына бастайды. Жыл бойы сүйіктісі ұнатқан заттардың тізімін жасап жүрмеген жігіттер үшін қиын сұрақ. Мүмкіндігіңіз болса, әрдайым сүйіктіңіздің қалауын қойын кітапшасына жазып жүруді ұмытпаңыз. Өзі жақсы көретін сыйлықты сыйлау арқылы, оған деген ерекше сүйіспеншілігіңізді көрсетесіз. Қыз баласы сезімтал келетіндіктен, қолдан жасалған сыйлықтан артығы болмайды. Олай болса, қыз баласына арналған сырға ілгіш жасайық.
Ол үшін бізге:
- картон қағаз;
- қарындаш;
- қайшы;
- бұрғы;
- бірнеше сырға қажет.
Картон қағазға суреттегідей етіп ағаштың суретін саламыз.
Бірін төменгі бөлігінен, екіншісін жоғарғы бөлігінен кесеміз.
Дайын болған ағаштың шеткі бөліктерін бұрғымен тесеміз.
Екі ағашты кесілген бөліктері арқылы бір-біріне біріктіреміз.
Ең соңында сүйіктіңіздің талғамына сәйкес сырғаларды іліп қоямыз.
Сүйіктіңізге арналған сыйлық дайын!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Қарлыға Бүйенбай
А. Әбілхан