- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- Жаңа жыл шыршасы...
Жаңа жыл шыршасы
Бір кездері әрбір үйде жаңажылдық шыршалар табиғи қалпында безендірілетін еді. Алайда, қазіргі шыршаларға ағашқа ұқсамауға да рұқсат етілген секілді. Ендеше, осы қатардағы альтернативті шыршаларды бірге тамашалайық!
Мурано – бұл Венеция мүйісіндегі алып аралдардың бірі. Ертеректен бері өзінің түрлі-түсті әйнектерімен аты шыққан. Шыршаларды да алуан түсті әйнекті бағаналардан жасағандығына таңырқамаңыз.
Америкалық шағын ғана Рокленд қалашығы Мэн штатында теңіз шаяндарына арналған қақпандардан жасалған ерекше шырша бар. Шаян тұзақтарынан шырша құрастыру жергілікті тұрғындардың құмар қызығушылықтарына айналып кеткен. Олар осындай шырша жасаудан сайысқа түседі. Қазіргі күнге дейінгі рекордтық көрсеткіш 15 метрге жеткен.
Бірнеше миллион доллларға Токио қаласынан таза алтыннан жасалған жаңажылдық шыршаны сатып аласыз. Екі метрлік ағашқа жапондық зергерлер 40 келі алтын жұмсаған. Бұл – әлемдегі ең қымбат шырша. Бұл бұйымды жасауға екі ай уақыт кеткен.
Италиялық Губбио қалашығының тұрғындары өздерінің 650 метрлік өте ұзын шыршаларын мақтаныш тұтады. Бұл сіз ойлағандай ағаш емес, үш мың шамнан тұратын тау басына ілінген ғажайып құрылыс. Әртүрлі түстер адамдардың көңілдерін көтеру үшін қызмет етеді.
2012 жылы Каунаста 16 метрлік шыны шырша бой көтерді. Ол пластикалық бөтелкелерден құрастырылған. Және де пластикалық бөтелкелерден құрастырылған ең биік мүсін ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Вьетнам астанасы Ханоеда 2011 жылы ұялы телефондардан жасалған шырша көрінді. Оны толықтай бітіру үшін екі жарым мың істен шыққан ұялы телефондар қажет болған.
Мадридтегі 2007 жылғы Жаңа жыл да жаңалыққа толы болды. Бұл жолғы шырша компьютер ойындарын сүйетін тұрғындарға арналған. Шырша компьютер экранын еске салады. Онда көпшілікке белгілі «Пак-Ман»(Pac-Man) ойыны ілінген.
Сәнқой Бельгия елі керамикалық ыдыстардан шырша тұрғызды. Тоғыз метрлік шырша үшін 5 мыңнан астам тәрелке жұмсалған. Оларды Хасселт қаласының тұрғындары шығарған екен. Бұл оқиға 2012 жылы болды.
Сидней көшелеріндегі алаңдарда қажетсіз заттардан шырша жасау дәстүрі кең етек алған. Олардың арасында үстелдер, орындықтар, бөтелкелер, велосипедтер бар.
2012 жылдың желтоқсан айында дайвер-энтузиасттардың тобы Балий теңізінің түбіне жаңажылдық шырша орнатты. 37,5 метр тереңдікте жатқан шырша Гиннестің Рекордтар кітабына енген.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: skartoy.ru,novate.ru