Жаңа жыл - 2014. Жұлдызжорамал: Торпақ

Қыс. Қаңтар айында жаңа өмір мен маңызды жобаларды бастамай тұра тұрыңыз. Ал ақпан айында шетелге саяхат жасасаңыз, өзіңізді және айналаңызды өзгерістер күтетін болады. 

Көктем. Өзіңізді барлық жағынан жаңартуға кез келді. Наурыз айында басшылықтың ескертулері мен талаптарына міндетті түрде құлақ асыңыз. Сәуір айы сіздің пікірлес адамдарыңыздың арасында беделіңіздің артуына алып келеді. Мамырда әріптестеріңізбен қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюыңыздың маңызы зор. 

Жаз. Өзіңіздің жеке бастамаларыңыз қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан ойыңыздағы маңызды идеяларды көп күттірмей жүзеге асырыңыз. Жаздың басында міндетті түрде айналаңыздағы таныстарыңызбен қатынасты қайта қарастырып, жаңа достар қатарын көбейтесіз немесе керісінше болуы да ғажап емес. Ал тамыз айында барлық назарыңызды жанұяңызға бөліңіз.  

Күз. Қыркүйекте көбірек тынығыңыз. Қазан айы сізге жұмыстағы кейбір келелі мәселелеріңізді шешуге мүмкіндік жасайды. Ал қарашада компромисс іздеген сіздің бойыңыздан бітімгершілік қасиеті бой көрсетеді.  

Махаббат

Ақпан, маусым және қазан айларында сіздің романтикалық қарым-қатынасқа деген көзқарасыңыз өзгеріске ұшырайды. Наурыздан бастап сүйіктіңізбен араңызда тәкәппарлық басым болуы мүмкін. Наурыз бен шілде аралығында өзіңізді шын сүйетін адамның шындығында кім екендігіне көз жеткізесіз. Қыркүйек пен қазан аралығында өмірге деген құштарлығыңыз қайта ашылып, жаныңызға тыныштық табасыз. Жылдың осы мезгілінде сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізіп, оған әртүрлі сыйлық жасауға асығыңыз. Қараша-желтоқсан айларында болашақ жарыңызға ресми түрде ұсыныс жасауыңыз немесе оны қабылдауыңыз да әбден мүмкін.   

Отбасы

Наурыз бен қараша аралығында отбасылық өміріңізді үйлесімді етуге, ал ата-анаңызбен қатынасты одан әрі жақсартуға тырысасыз. Шілдеден бастап шығармашылығыңызды ұштауға мүмкіндігіңіз болады. Ал тамыз айында отбасыңыздағы махаббат пен қуанышты өзіңіздің менмендігіңіз бұзуы мүмкін. Сондықтан өзгелердің де кеңестеріне құлақ түргеніңіз абзал. Одан ары қарай жылдың соңына дейін отбасыңызда тек жақсылықтар ғана орын алады.    

Достық

Алдағы жылы достарыңызбен көптен бері ойластырып жүрген ортақ ойларыңызды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік бар. Көбірек адамдармен танысуға тырысыңыз, сол кезде өзіңізді түсінетін адамдардың саны сіз ойлағаннан да көбірек екендігіне көзіңізді жеткізесіз. Маусым-қараша айларында айналаңыздағы адамдармен достық қарым-қатынасыңызды қайта қарауға мәжбүр ететін келеңсіз жағдайлардың орын алуы бек мүмкін. Кейбір жолдастарыңыз өздерін басқаша, бұрын сіз білмеген теріс қырлары жағынан көрсетеді. Қыркүйекте жағдай қайтадан жақсара түседі. Осы кезден бастап жыл соңына дейін достарыңызбен жиі кездесіп, көңілді кештерге барыңыз, араңыздағы достықты неғұрлым жақындата түсіңіз. 

Денсаулық

Жаңа жылдан бастап денсаулығыңызды күту тақырыбы басты мәселеге айналады. Бастысы - өзіңіздің ағзаңыз нені қажет, пайдалы ететінін және ұнататынын дер кезінде сезіне біліңіз. Тамыз айына дейін денсаулығыңызға ұқыпты қарап және керек кезінде ем қабылдап тұруыңыз маңызды. Себебі маусымның дәл осы аралығында созылмалы ауруларға тап болу мүмкіндігіңіз жоғары болмақ. Сондай-ақ жұмыс орныңызда жарақат алып қалуыңыз да ғажап емес. Сондықтан кез келген жағдайда абай болыңыз. Қаңтар айында сүйек жүйесі, тері күтімі мен бүйрек жұмыстарына жіті ден қойыңыз. Сәуір, маусым және қыркүйек-қазан айлары қарбаласқа және жүйкені жұқартар жұмыстарға толы болады. Осы кезде сізге медициналық препараттардың көмегінсіз денсаулығыңызды сақтап, табиғатта демалудың маңызды екенін есіңізде ұстаңыз. 

Мансап және қаржы

Бұл жылда көп тер төгуіңізге тура келеді. Әсіресе қыс айларында белсенді болып, біліктілігіңізді көтеріңіз, шет тілдерінде сөйлейтін болсаңыз, оның сізге осы айларда көмегі көптеп тиетін болады. Дегенмен қаңтар айында шетелдік компаниялармен келісімшарт жасасудан бас тарта тұрғаныңыз абзал. Ақпан-наурыз айларында басшылықтың тапсырмасына ден қойыңыз, өзіңіз де өтінішіңізді қысылмай айтсаңыз, оған міндетті түрде құлақ асады. Наурыз-шілде айларында өз сөзіңізде қай деңгейде тұра алатындығыңыз тексеріледі. Сәуірде жұмысыңызда бір өзгеріс орын алады. Өзіңіздің ойыңызды жеткізуді және еңбегіңізді бағалауды үйреніңіз. Іссапарға шығар болсаңыз, құжаттарыңызға абай болыңыз.   

Басты кеңес: 

Бұл жыл сіз үшін оп-оңай болады деп уәде бермейміз. Барлық кезіккен қиындықтарға мойымай, оны өз күшіңізбен жеңіп шығуға талпыныңыз. Сіздің қолыңыздан ол міндетті түрде келеді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vek-center.com