Жаңа жыл - 2014. Жұлдызжорамал: Тоқты

Қыс. Отбасылық міндеттеріңізге елеулі өзгерістер мен еркіндік енгізгіңіз келсе біраз еңбектенуге, күш жұмсауға тура келеді. Серіктестік қатынастар сіздің ықыласыңыз бен ырғақты сезіміңізге тікелей байланысты.

Көктем. Әдетке айналған, тіпті мызғымастай көрінген өмірлік нұсқаулар өзгерістерге төтеп береді. Бұл үдерістен пайдалы, оңды сәттерді іздеңіз.

Жаз. Махаббат деген сіз үшін алдамшы, түсініксіз бола түседі. Тіпті құрбандықты талап етуі мүмкін. Өмірлік құмар ойындардың қызығына берілгенде ақылға жүгінуді ұмытпаңыз.

Күз. Саяхатқа, танымды арттыруға, белсенділікке таптырмас мезгіл. Уақтылы жоспарлай білу қалауыңызға жетуге септігін тигізеді.

Махаббат

Қаңтар айынан бастап шілде айына дейін ерлі-зайыптылар барлық сынақтарды бес деген бағаға "тапсыратын" болады. Жұлдыздар сіздерді өзімшілдік қасиетінен ада етіп, бір бүтін болуларыңызға жол ашады. Олар қаңтар айында жасаған таңдауларыңыз дұрыс болады дегенді айтады. Ал айырылысып кеткен жұптарға дәл осы айда кітаптың жаңа беттерін бастауға мүмкіндік беріліп отыр. Биыл сіз үшін – махаббат пен романтика жылы. Әсіресе, тамыз, қараша айларында махаббаттың шипагерлік күшін байқайсыз.

Отбасы

Осы жылы балалардың шығармашылығын көтермелеп, жарыңыздың тұлғалық өсуіне назар аударған жөн. Қаңтар-сәуір – уайым мен дабыл айы. Осы кезде отбасыңыз тұрмыстық жағдайлардың нашарлауына және түсініспеушіліктің жоғалуына душар болады. Мамыр айында өзгерістер болып, қаржы мәселесі қалпына келе бастайды. Маусымда үй атмосферасы жақсарады. Шілдеден бастап отбасылық бюджет тез толысып, үй қажеттіліктеріңізді сатып алуыңыз мүмкін.

Достық

Құрбы-құрдастарыңыз сіздің идеяларыңызды қолдайды, бастысы – сынды дұрыс қабылдай білу. Наурыз-маусым аралығында олар өзіңізді басқа қырыңыздан тануға және жақсы жағына өзгеруге көмектеседі. Қаңтар-маусым аралығында ең жақын құрбыңыздың өмірлік көзқарастары күрт өзгеріп, біраз түсініспеушілік туады. Екеуіңіз де өз пікірлеріңізді сақтап қалуға тырысыңыздар, себебі тамыз айында мұндай кереғарлықтан із де қалмайды. Достық қатынастар қаңтар-наурыз аралығында және қыркүйек айында белсенді болады. Мамыр-маусым айларында таныстарыңыздың қатары көбейеді. Ғаламтор сізге көп өзгерістер әкелетіндігімен, виртуалды әлемде абай болған абзал.

Денсаулық

Өзіңізге қамқор бола білудың басты марапаты – қауіпті аурулардың сізден алыс жүруі. Көктемгі аллергиядан алыс жүру үшін қыстан бастап арнайы сақтандыру шараларын бастаңыз. Биыл иммунитетті жақсартуға көңіл бөлу керек. Тамызда жарақат алып, бір мүшеңіздің сынуы, шығуы мүмкін. Тамыз және қыркүйек айының соңында созылмалы аурулар сыр береді.

Мансап және қаржы

Осы жылы несие немесе қарызға ақша алуға кеңес бермейміз. Есесіне, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтындарға оң қабақ танытыңыз. Басшылықтың бизнес-стратегиясымен ішкі келіспеушіліктер ашық жанжалдарды тудыруы мүмкін. Бұл әсіресе, сәуір, мамыр, қараша, желтоқсан айларында байқалады. Мансаптық өсуде баяулықты қаламасаңыз келіссөз жүргізу өнерін бағындырыңыз, эмоцияңызды бақылаңыз. Ал өз ісін бастаймын деушілерге шілде, қыркүйек, қараша айлары ыңғайлы болады. Жыл сізден тазалықты, адалдықты, парасаттылықты талап етеді.

Басты кеңес: Іскерлік қарым-қатынас өнерін меңгеріңіз. Азға қуанып, бақыт дәмін тату үшін әлемнің сұлулығын сезінуді үйреніңіз Қарым-қатынастар үнемі жаңарып отырады. Әлеуметтік белсенділіктің арқасында жаңа әсерлер алып, нұрға бөленесіз. Тапқырлығыңыз бен сәттілігіңіз серік болсын!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: pg21.ru