Қыс. Қаңтар мен ақпан айларында ішкі күшіңіздің мықтылығы айналаңызға керек адамдарды жинауыңызға көмектеседі.
Көктем. Мамырда жұмыс пен отбасыңызға деген жауапкершілігіңіздің арқасында үй мен кеңсе арасында айрықша үйлесімділік сақтайсыз.
Жаз. Тығыз жұмыс уақыты бастығыңыз бен әріптестеріңіздің түсініспеушілігін туғызуы әбден мүмкін. Сондықтан жеке өмірді жұмысқа араластырмауға тырысыңыз.
Күз. Қыркүйек айында жоғары білім не қосымша білім алғаныңыз жөн. Қазанда әлеуметтік жағдайыңызға өзгеріс енгізетін ұсыныстар түсіп қалуы мүмкін.
Махаббат
Қарым-қатынастарыңызға сызат түспеуі үшін қыс айлары мен сәуір, маусым-шілде, қазан айларында жартыңызды сізге қарыздар біреу ретінде емес, тағдырдың сізге тартқан сыйы деп қабылдаңыз. Көктемде сүйіктіңіз сіздің қалауыңызға бас иетін болады. Өйткені бұл көктем сізді жақсы жағыңызға қарай өзгертейін деп тұр. Маусымда, тамыздың алғашқы жартысында қыркүйек, қараша айларында демалуға, саяхатқа шығуға жол ашық. Егер жартыңызды әлі кезіктірмеген болсаңыз, осы айларда жаңа таныстықтан қашпаңыз.
Отбасы
Жылдың алғашқы жартысында ата-анаңызға айрықша көңіл бөліңіз. Үй-жай мәселелерін көктемде шешсеңіз, тиімді болмақ. Наурыз, мамыр, тамыз-қыркүйек, қараша айларында отбасыңызда тыныштық, береке орнайды. Өкпе-ренішті ұмытып, жақындарыңызға жылулық көрсетсеңіз, жайлы өмір сүре аласыз. Үй тірлігіне бей-жай қарамай, өзіңіздің екінші қырыңызды шыңдаңыз.
Достық
Осы жылы сізді жаңа таныстық пен жаңа достар асыға күтіп тұр. Сізден үлкен, не ықпалды, не болмаса айрықша дарынды, тіпті қарапайым адамдармен танысып, жақын дос табуыңыз мүмкін. Наурыз-маусым айларында жүрегіңізді күмән мен күдік жайлап жатса, жол бермеңіз. Жаз, күз айларында адам жанын түсіне біліп, оған кеңес айта алу қабілетіңіз сізді кез келген ортада ең беделді адам қылмақ. Тамыз-қыркүйек айларында көршілеріңізбен жанжалдаспаңыз.
Денсаулық
Мықты денсаулығыңыз кез келген ауруды жеңіп шыға алады. Дегенмен кейбір бұрыннан бар ауруларыңыз мазаңызды алуы мүмкін. Ақпан мен қазан айларында жүрек, жұлын, тыныс алу мүшелеріне аса мұқият болыңыз. Сәуірде басыңыз ауырып, жүйкеңіз сыр беруі мүмкін. Жайлы ұйқы мен дұрыс тамақтануға көңіл бөлгеніңіз жөн. Маусым мен желтоқсан айларында шипажайға барып демалып келсеңіз, артық етпейді.
Мансап пен қаржы
Кәсіби салада біраз маңызды жаңалық болуы ғажап емес. Қаңтар, ақпан айларында өзіңізді нағыз кәсіби маман ретінде көрсете аласыз. Бұл жылдағы кәсіби өсуіңіз білім мен тәжірибеңізге тікелей байланысты болады. Мамыр, маусым айларында ішкі түйсігіңіздің арқасында ең күрделі деген жұмыстардың оң шешімін табасыз.
Дайындаған: Махаббат Оңғарова
Сурет: vek-center.com, oskemen.info