Қыс. Қаңтар айында саяхатқа аттаныңыз немесе жаныңызға жағатын іспен шұғылданыңыз. Ақпан айында өзіңіздің жаңа бейнеңізді жасауға кірісіңіз. Ал желтоқсан айында күдікті адамдардан алыс болып, жөнсіз істерге бас сұқушы болмаңыз.
Көктем. Наурыз бен сәуір айларында сізді күтпеген қаржылық ұсыныстар қуантпақ. Ал мамыр айында отбасыңыз сіздің әр идеяңызға разы болады.
Жаз. Маусым мен шілде айларында демалыс пен жұмысқа да қатар уақыт бөліңіз. Махаббат оқиғаларының сіздің әмияныңыз немесе карьераңыз үшін құрылмауына баса назар аударыңыз. Тамыз айында серіктесіп жұмыс жасауға ұсыныстар келіп түседі.
Күз. Карьераңызды өсіріп, қоғамда дәрежеңізді көтеру үшін өзіңізді біраз жерде құрбан етуіңізге тура келеді.
Махаббат
Сіздің қызғаншақтығы жоқ мінезіңіз ер азаматтарды таң қалдырады. Сізді басқа адамның бостандығы мен ойын құрметтейтін адам ұнайды. Наурыздан қараша айына дейін неке қимаңыз. Өйткені осы кездегі өміріңіз сіздің жұбыңыз бола алмайтын адаммен жолықтыруы мүмкін. Егер осы кезде шаңырақ көтерсеңіңіз, өзіңіздің қателескеніңізді бір жылдан соң білетін боласыз.
Отбасы
Тұрмыстық мәселелерге келгенде жұбайыңыздың ақылына сүйеніңіз. Ол осы кезеңде өзін өзгеге керек сезінуі керек. Бала-шағаңыз осы уақытта тынышсызданады. Өткен жылға қарағанда сіз бұл жылы «істеу керектен» біршама құтылып демалатын боласыз.
Достық
Жаздың ортасына дейін достарыңыз сізге кез келген жағдайда тірек бола алады. Олардың арқасында сіз біраз істі тындырып үлгересіз. Сіздің ешкімнің ойына келе бермейтін идеяларыңыз бірақ шаруаға дем болады. Наурыз айынан қараша айына дейін кез келген досыңызбен байқап араласыңыз. Шілде айындадостарыңызбен, туыстарыңызбен және әріптестеріңізбен бірлесіп жақсы қарым-қатынас орнатыңыз.
Денсаулық
Жыл басталысымен сізді жүйкеңізге әсер етіп көңіл-күйіңізді құртатын аурулар мазалайды. Соның кесірінен ұйқысыздыққа және күйзеліске тап боласыз. Оның ішінде асқазан ауру да бар. Қаңтар және ақпан айларында болатын ішкі күйзеліс кесірінен жүйкеңіз шаршайды. Дәмді тамақтардан және демалыстан бас тартпаңыз.
Мансап және қаржы
Бұл жылы да дәл бұрынғыдай қаржы баяғы жүйемен түсіп тұрады. Күтпеген қаржылай түсімдер бірде болады, бірде болмайды. Бірінші жарты жылдықта ақша өз жұмысыңыздан түссе, екінші жарты жылдықта оны бірлескен ұйымдардан күтіңіз. Мамыр айынан шілде айының арасында басшылық сізге көңіл аударады. Осы кездерде бастығыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: liveinternet.ru