Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Сарышаян

Қыс.

Өз идеяларыңыз бен қызығушылықтарыңызды қорғай біліңіз. Бойыңыздағы күш-жігерді шығармашылыққа бағыттаңыз. 

Көктем.

Сіз өзіңіздің ішкі жағдайыңызбен Сәуір айында барлық нәрсенің өз қолыңызда еместігіне көзіңіз жетеді және олардың көбісіне икемделіп, сабырлық танытуға мәжбүр боласыз.

Жаз.

Маусым - батыл әрекет жасау мен алдағы уақытта болатын ірі оқиғаға даярлық жұмыстарын дайындауға ыңғайлы ай. Шілде айында жоспарлардан белсенділікке көшкен абзал. Ал жаздың соңғы айында шектен шығып кетпеу маңызды. 

Күз. 

Жоспарланған әрі сенімді қадамдарыңыз жұмыста және қаржылық мәселелерде өз жемісін бере бастайды. Бұған сіздің тіл тапқыштығыңыз бен хабардарлығыңыз өз септігін тигізеді.

Махаббат

Махаббат. Мінез-құлқыңыздың өзгерісі сезіміңізге едәуір әсер етеді. Кез келген адамның сіздің жаңа мінезіңіге төтеп беріп, кейбір тұста үйренісуіне тура келеді. Жарыңызды көп мақтап, көп қамқорлық танытуға тырысыңыз. Себебі, әрекетке іштей салқынқанды көзқарасыңызды өзіне суып кетті деп түсінуі мүмкін. Қаңтар айында ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас ушықпақ.

Отбасы

Отбасылық өмірде өзгерістер болып, жарыңызбен ымыраластық, үлкен ауызбірлік орнайды. Алайда артынша барлығы өзгеріп салуы мүмкін. Балаларыңыз жыл бойы оқыс мінездерін көрсетіп, мазаңызды алуы кәдік. Кез келген келеңсіздіктерді мерекелік дастархандар ұйымдастыру арқылы реттей алмайсыз. Кейбір жеке табандылығыңыз көп септігін тигізеді.

Денсаулық

Көктемгі аллергиядан алыс жүру үшін қыстан бастап арнайы сақтандыру шараларын бастаңыз. Ішкі денсаулықты жақсартуға көңіл бөліп, махаббаттың машақатынан бой суытыңыз. Алғашқы айларда жарақат алып, бір мүшеңіздің сынуы, шығуы мүмкін. Қыркүйек пен қазан айларының соңында созылмалы аурулар сыр бермек.

Мансап және қаржы

Несие немесе қарызға ақша алуға әбден болады. Тек дер кезінде қайтара алғаныңыз дұрыс. Өз міндетіңізге жауапкершілікпен қарап, басшылықтың бизнес-стратегиясына бірден келісім бере салмаңыз. Мансаптық өсуде эмоцияңызды сыртқа шығарып отырыңыз. Парасатты болуға көп талпынбай-ақ, табиғатыңыздағы тазалықты, адалдықты сақтап қалуға болады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: 1zoom.ru